02.09.2009, 17:42 3085

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстанда жоғары технологиялар аймағын құру жөніндегі пилотты жобаны мақұлдады

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстанда жоғары технологиялар аймағын құру жөніндегі пилотты жобаны мақұлдады

Семей. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстанда жоғары технологиялар аймағын құру жөніндегі пилотты жобаны мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл жобаның басты идеясы - жоғары технологиялар аймағында Металлургия және конструкторлық бюро орталығын құру. Орталықтың басты мақсаты - өндіріске жұмсалатын шығындарды өсірмей-ақ, сол көлемде пайдалы құрамдас бөлшектерді 10 - 15%-ға концентраттарға шығауды қамтамасыз ету, шикізаттық бағыттан бас тарту, инновациялық жобаларды өндіріске енгізу арқылы металлургия саласын дамыту, қазіргі бар зауыттардың негізінде және шағын және орта кәсіпорындар құру арқылы өндіріс көлемін ұлғайту", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Икімдіктің хабарлауынша, ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ (Астана) бірлесіп Outotec Oyj фин компаниясымен жаңа технологиялық жабдықтар беру жөнінде келіссөздер жүргізді.

Келісімнің жобасы жасалды, ол қазір ШҚО әкімдігі, ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Outotec Oyj компаниясының қол қоюына жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны