07.05.2008, 14:59 3183

Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Астананың 10 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапаттады

""Астананың он жылдығы" мерейтойлық медалімен сіздерді марапаттай отырып біз қазіргі ұрпақтың бейбітшілікте өмір сүріп жатуы, тәуелсіз Қазақстан мен оның Елордасын құруымыз сіздердің арқаларыңыз екенін, сіздердің өлшеусіз ерліктеріңіз ұдайы жадымызда болатынын айтпақшымыз", - деді Н. Назарбаев марапаттау рәсімінен кейін соғыс ардагерлеріне қаратып айтқан сөзінде.

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Отан қорғаушылар күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Астананың 10 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапаттады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтсақ, мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы мен оның Елордасының аяғынан тұруы мен дамуына қосқан айрықша үлесі үшін "Астананың он жылдығы" мерейтойлық медалімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қари Абитов, Қадан Бекенов, Михаил Бутенко, Қондыбай Жексенбаев, Ғабдулла Зарипов, Хасан Қариев, Николай Нагорняк, Барлыбай Табешов, Қаматай Токабаев пен Алексей Фролов марапатталды.

""Астананың он жылдығы" мерейтойлық медалімен сіздерді марапаттай отырып біз қазіргі ұрпақтың бейбітшілікте өмір сүріп жатуы, тәуелсіз Қазақстан мен оның Елордасын құруымыз сіздердің арқаларыңыз екенін, сіздердің өлшеусіз ерліктеріңіз ұдайы жадымызда болатынын айтпақшымыз", - деді Н. Назарбаев марапаттау рәсімінен кейін соғыс ардагерлеріне қаратып айтқан сөзінде.

Президент оларды мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен игілік тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны