24.04.2017, 15:43 4015

Мемлекет басшысыныӊ мақаласын талқылауға арналған Бірыӊғай республикалық күні аясында Қызылорда облыстық ассамблея активініӊ сарапшылармен кездесуі өтті

Қызылорда облысы Достық үйініӊ мәжіліс залында Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласын талқылауға арналған Бірыӊғай республикалық күні аясында облыстық ассамблея активініӊ сарапшылармен кездесуі өтті.

Қызылорда. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Достық үйініӊ мәжіліс залында Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласын талқылауға арналған Бірыӊғай республикалық күні аясында облыстық ассамблея активініӊ сарапшылармен кездесуі өтті. Оған облыстық ассамблея хатшылығыныӊ басшысы Ләйлә Төрешова, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты Нұрлыбек Мыӊжас, этномәдени бірлестіктер, Аналар кеӊесі, жастар қанаты, ғылыми-сарапшылық топ, облыстық, қалалық Қоғамдық келісім кеӊесі, кәсіби медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Актив отырысы барысында облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты Нұрлыбек Мыӊжас "Елбасы еӊбегінде ұлттық тарих, бүгін мен болашақтыӊ қалыптасуы, ұлтқа деген шексіз махаббат қамтылады. Туған жердіӊ қадір-қасиетін ұмытпауға, керісінше ұлықтауға шақырған бастамада ұлттық болмысты сақтау мәселесі де жан-жақты қамтылғандығы баршаны қуантады. Бүгін біз осы мақала төӊірегінде ашық пікір алмасу өткізу үшін бас қосып отырмыз", -деді.

Ал, "Славяне" этномәдени бірлестігініӊ мүшесі Майя Бусыгина бала бойына патриотизмлді қалыптастырудыӊ маӊызы жайлы айтты. "Сәбиді балабақшадан патриоттық рухта тәрбиелеу керек. Сонда біздіӊ бірлігіміз бекем, ұрпағымыз рухты болып өседі. Патриоттық сезімніӊ нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оныӊ байлықтары, тіл, дәстүр барлық ұлттық құндылықтар жатады. Осы құндылықтарды ардақтап, әспеттеген ел ғана тозбайды. Міне, Елбасы өз мақаласында осыған үлкен назар салуға халықты да шақырып отыр", -деді ол.

Жиынға қатысушылар Елбасы мақаласыныӊ осы бағыттары туралы айтып, ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен оныӊ басымдықтарына тоқталды. "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасыныӊ мүшесі Талғат Телеубаев, облыстық Қоғамдық келісім кеӊесініӊ мүшесі Александр Абанин де ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ өкілдерініӊ пікірлері тыӊдалды. Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, латын әліпбиіне көшу, ұлттық код, білім сапасын жақсарту және тағы басқа маӊызы жоғары мәселелер талқыланды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сараптамалық кездесу пікір алмасуға жалғасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны