18.06.2019, 22:54 9008

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Ж.Түймебаев Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан. 18 маусым. Kazakhstan Today - Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі жұмыстары, ұйымның XXVII сессиясында берілген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ еліміздегі этносаралық қатынас саласындағы жағдайлар жөнінде баяндалды.

Қазақстан Президенті Ассамблеяның жүргізіп жатқан жұмыстары үшін Ж.Түймебаевқа ризашылық білдірді.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жұмысы, соның ішінде президент сайлауы барысындағы еңбегі үшін, ризашылық білдіремін. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамымыздың бірлігін сақтау үшін маңызды жұмыс атқарып келеді, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Ж.Түймебаев Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны