13.01.2009, 17:13 3251

Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының қазақстандық филиалының басшысы ауысты

Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының қазақстандық филиалының басшысы ауысты

Алматы. 13 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының қазақстандық филиалының басшысы ауысты. Бұл туралы Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының қазақстандық орталық филиалы директорының орынбасары әрі бас редакторы Күлімхан Хасенова хабарлады.

К. Хасенованың айтуынша, Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының бас кеңсесінің басшысы Радик Батыршиннің ағымдағы жылдың 5 қаңтарындағы бұйрығымен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының директоры болып журналист Асқар Илімжанов тағайындалды.

Асқар Илімжанов филиалды кейінгі 5 жыл бойы басқарған Айдар Жұмабаевты алмастырды.

Бейресми мәліметке сәйкес, А. Жұмабаев "Нұр-медиа" медиа-холдингіндегі қызметін одан әрі жалғастырады.

Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы 1992 жылдың қазан айында ТМД мемлекет басшыларының келісімі бойынша құрылған. Оның құрылтайшылары: Изербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны