25.10.2019, 18:10 28355

Мемлекеттік айыптауды сапалы қолдау - заңды үкімнің кепілі

Қылмыстық сот ісін жүргізудің сот сатысында жарыспалылықты енгізу мемлекеттік айыптаушылардың рөлін және олардың алдына қойылған міндеттерді түбегейлі қайта қарауды талап етті.

Алматы. 25 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік айыптауды сапалы қолдау - заңды үкімнің кепілі.

Құрметті оқырман, бұл мақалада қылмыстық істер бойынша сотта мемлекеттік айыптауды қолдаудағы прокурордың рөлі туралы айтқым келеді.

Қылмыстық сот ісін жүргізудің сот сатысында жарыспалылықты енгізу мемлекеттік айыптаушылардың рөлін және олардың алдына қойылған міндеттерді түбегейлі қайта қарауды талап етті.

Прокурордың соттардың қылмыстық істерді қарауына қатысуы міндетті емес болған, ал олардың функциялары мемлекеттік айыптаушылардың функцияларымен қатар соттың өзі де жүзеге асырған кездер өткен кезеңдерге біржола кетті.

Қазір мемлекеттік айыптаушының сотқа қатысуы заңды түрде ҚПК-нің 337-бабында регламенттелген (04.07.2014 ж.). Оның мәнін қысқаша баяндаймын.

Жеке айыптау істерін қоспағанда, прокурордың мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуы міндетті.

Прокурор дәлелдемелерді табыс етеді және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезінде туындайтын басқа да мәселелер бойынша өз пікірін білдіреді, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза тағайындау туралы ұсыныстар айтады.

Прокурор іс бойынша қойылған азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды, егер бұл азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қорғау талап етсе.

Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық мән-жайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі сенімін басшылыққа алады. Прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер ол сот талқылауында өз растауын таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан (толық немесе ішінара) бас тартуға міндетті. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі барысында жол беріледі.

Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленуші да бас тартса, сот өз қаулысымен істі қысқартады. Егер жәбірленуші айыптауды талап етсе, сот істі қарауды жалғастырады және істі жалпы тәртіппен шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі немесе өкілі арқылы қолдайды.

Жаңа қылмыстық процестік заңын енгізумен басты сот талқылауы барысында бұл қажеттілік туындаған кезде мемлекеттік айыптаушының айыптау көлемін ұлғайту құқығы көзделген (ҚПК-нің 340-бабы).

Қылмыс жасаған адамдар түсінікті себептер бойынша заңды, негізделген және әділ үкімнің міндетті шарты болып табылатын ақиқатты анықтауға әрқашан мүдделі емес.

Қазіргі заманғы қылмыстық - құқықтық заң соттың айыптау органдарына қатысты процестік жағдайын реттеп, бұл ретте сот тараптардың жарыспалылық тұжырымдамасын ескере отырып, айыптау ұстанымымен байланысты емес екенін көрсетті. Сондықтан істі сотта жан - жақты, толық және объективті қарау үшін прокурор мемлекеттік айыптаушы ретінде, ал адвокат-қорғаушы ретінде қатысады.

Прокурордың сотта зерттелген дәлелдемелерді олардың қатыстылығы, жол берілуі мен жеткіліктілігі тұрғысынан сауатты бағалай білу, кәсіби және жариялылық жоғары өлшемдеріне жауап беретін сапалы сот сөзін дайындау және айту қабілеті - жарыспалы қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекеттік айыптауды тиімді қолдаудың маңызды шарттарының бірі.

Прокурордың айыптау сөзімен сөйлеген сөзі мемлекеттік айыптауды қолдаудың ең жауапты кезеңдерінің бірі болып табылады.

Прокурор өз сөзінде сотқа шындықты анықтауға, дұрыс, заңды, негізді және әділ шешім қабылдауға көмектеседі, бұл қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Айыптау сөзін айту - шығармашылық іс, ол үлгіні төзбейді, іс материалдарын мұқият және адал білу негізінде іс бойынша өз бетінше ойлай және дұрыс ұстанымды таңдай білуді, әр түрлі логикалық және шешендік тәсілдерді пайдалана отырып, ұстанымды дәлелдей және қорғай алуды көздейді.

Қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушының тұғыры сотталушыға тағылған айыптауға қатысты, сот сөзінде қорғалатын айыптаудың дәлелденгендігі, заңдылығы мен негізділігі, айыпталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы және сот шешетін басқа да мәселелерге қатысты пікір болып табылады, олар сот сөзінде сақталатын позицияның дұрыстығы мен әділдігіне, оның заң талаптарына және сотта тікелей зерттелген істің дәлелдемелері мен мән-жайларына сәйкес келетін ішкі сенімді қамтиды.

Дәлелдемелерді жарыспалылық жағдайында зерттеу сотталушыға тағылған айыптың дәлелденуіне не оның біліктілігіне әсер ететін алдын ала тергеудің елеулі жансақтықтары мен қателіктерін анықтайды. Бұл кемшіліктерді жою - мемлекеттік айыптаушының тікелей міндеті.

Сот тергеуі қылмыстық іс материалдарында бар дәлелдемелерді ғана тексеруге жатпайды. Тергеу органдарының қорытындылары алдын ала сипатта болады. Ол ұсынатын дәлелдемелерге, таңдалған тактикаға осы қорытындыларды сот қабылдайтыны нақ мемлекеттік айыптаушыға байланысты. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, мемлекеттік айыптаушы жаңа дәлелдемелерді ұсыну құқығын пайдалана отырып, тергеудің кемшіліктерді толтыруға бағытталған толық шаралар қабылдауға тиіс.

Сот талқылауының табысты болуы көбінесе дәлелдемелерді зерттеуге қатысты мәселелерді соттың дұрыс және уақтылы шешуімен айқындалады.

Өз кезегінде, соттың дұрыс бағдарлануы ақырында сот төрелігі үкімінің қаулысына әкеледі.

Ақмола облысы прокуратурасының Басқарма бастығы М.Т. Сұлтанов

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны