17.09.2007, 15:43 1392

Мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие пайдалануға ниет білдірушілер бағдарлама аясында салынып жатқан баспана санынан көп - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие пайдалануға ниет білдірушілер бағдарлама аясында салынып жатқан баспана санынан көп.

АСТАНА. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие пайдалануға ниет білдірушілер бағдарлама аясында салынып жатқан баспана санынан көп екендігін мәлімдейді. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық кеңесі барысында индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Икімшіліктердің ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдаймен мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың басынан бері пәтер сатып алуға 91,7 мың өтініш келіп түскен. Екінші деңгейлі банктердің төлем қабілеттілігі туралы анықтамасын 48,2 мың сатып алушы ұсынған, бұл салынған пәтерлердің санынан 2,5 есеге артық",- деді Ғ. Оразбақов.

Министрдің айтуынша, сондай-ақ жеке баспана салуға жер телімдерін бөлуде де проблемалар бар. "Үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдаймен жеке баспана салуға жер телімдерін бөлуге 2005 жылдан бері 713 мың өтініш түскен. Ал бөлінген жер телімдерінің саны 209 мыңнан сәл асады, немесе берілген өтініштердің 30 пайызы ғана қанағаттандырылған",- деп түсіндірді ол. Сондай-ақ оның хабарлауынша, жеке баспана салуға жер телімдері Астана қаласында, Павлодар мен Маңғыстау облыстарында жеткіліксіз деңгейде бөлінген.

Индустрия және сауда министрі бірқатар аймақтарда инженерлік-коммуникациялық құрылымдар салу үшін бөлінген бюджеттік қаржыларды игерудің қалып отырғандағы туралы хабарлады. "Осы жылы құрылыстың осы түрі үшін республикалық бюджеттен 30,5 млрд теңге бөледі, оның 21,3 млрд теңгесі аймақтарға аударылған, ал 10-қыркүйекте небәрі 14,9 млр теңге, немесе сол соманың 70 пайызы ғана игерілген",- деді ол.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, Батыс Қазақстан облысы мен Қызылорда облысы ең артта қалып отыр, онда сәйкесінше 34 пайыз және 35 пайыз ғана игерілген.

"Сонымен қатар, жекелеген аймақ басшылары келесі жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салуға қосымша қаржы бөлуді сұрап отыр. Біздің пайымдауымызша, қаржыны бөлу қағидасы келесідей болады: кім де кім осы қаржыны жүз пайыз игеретін болса, сол өзінің өтініші бойынша қосымша қаржы алады",- деп атап көрсетті Ғалым Оразбақов.

Қаржы министрі Наталья Коржова өз кезегінде, "соңғы кезедері әкімдерден жыл аяғына дейін қайтаруға тиіс республикалық бюджеттен бөлінген несиелік қаржыны қайтармау туралы өтініштердің түсуі жиілеп бара жатқандығын" атап өтті. "Бюджеттік кодекс бойынша біз несиені тек бір мәрте ғана қайта құрылымдай аламыз дегенді айта кеткім келеді". Осыған сәйкес біз мұны жасап қойғанбыз, сондықтан да несиені қайтаруға тура келеді. Яғни несиелерді екінші рет қайта қүрылымдау мүмкін емес",- деп атап көрсетті қаржы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны