09.04.2008, 10:35 3696

Мемлекеттік білім беру жүйесінің бір бөлігі ретінде жекеменшік білім берудің құқықтық қабілетін бекіту қажет - Акуов

Мемлекеттік білім беру жүйесінің бір бөлігі ретінде жекеменшік білім берудің құқықтық қабілетін бекіту қажет - Акуов

Алматы. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жекеменшік білім берудің құқықтық қабілетін Конституция кепіл болған мемлекеттік білім беру жүйесінің бір бөлігі ретінде бекіту қажет. Бұл туралы сейсенбі күні "Қазақстанның жекеменшік білім беру ұйымдары: проблемалары мен перспективалары" тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Талғат Акуов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүкіл әлемде қазірдің өзінде мемлекеттік және жекеменшік білім беру бар. Алайда, өкінішке орай, Қазақстанда жекеменшік білім беру мемлекеттің "өгей қызына" айналды. Мемлекет, әрине, мемлекеттік білім беруге қамқорлық жасайды және жекеменшік білім берудің рөлін қысқарту мәселесі көтеріліп жүр", - деді Т. Акуов. Оның айтуынша, бүкіл дүниежүзінде жеке білім дегеніміз - элиталық білім. Яғни, кез келген мемлекет үшін үздік топ-менеджерлерді даярлайтын білім беру жүйесі.

"Мемлекет соңғы жылдары әкімшілік жолымен көптеген жекеменшік жоғарғы оқу орындары мен мектептерді жабуға әрекет жасауда", - деп көрсетілген конференцияда таратылған баспасөз баянында. "5-6 жыл бұрын бізде 170 жекеменшік жоғарғы оқу орындары бар еді. Қазір олардың саны тоқсанға дейін қысқарды. Тек Алматы қаласының өзінде 65 жеке мектеп болған. Одан қалғаны - 47. Биылғы жылы тағы 12 мектеп жабылудың аз-ақ алдында тұр. Соңғы 3-4 жылда 6 қазақ жеке мектебінің тек екеуі қалды", - деп атап көрсетті Т. Акуов.

Сонымен бірге, Алматы қаласының Жекеменшік білім беру ұйымдары ассоциациясының президенті Шәмшия Қанаева жекеменшік білім беру ұйымдары мемлекетке сапалы мамандар береді деп есептейді. Өткен жылы жекеменшік мектептерде 7000 бала оқыса, биыл 10 370 бала білім алып жатыр. Ш. Қанаева жас мамандар, жоғары санаттағы ұстаздар, ғылым кандидаттары мен докторлары жұмыс істеуі себепті жекеменшік мектептердегі білім беру сапасы өскенін атап көрсетті.

Кәсіпкерлердің тәуелсіз ассоциациясының президенті әлеуметтік жағынан алып қарағанда белгілі бір сәйкессіздік пайда болғанын атап өтті. "Мемлекеттік білім беру мен жекеменшік білім беруде қызмет істейтін ұстаздардың айлық жалақысы шамалас болуына қарамастан жекеменшік мектептердің ұстаздары мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер ала алмайды".

Т. Акуовтың айтуынша, бүгінгі таңда заңнама, білім беру туралы заң жеке білімді қорғамайды. Сондықтан, Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығы мен Жекеменшік мектептердің қауымдастығы "Жекеменшік білім туралы" заң жобасын дайындаған. Ол заң жобасы үстіміздегі жылдың 10 - 11 сәуірінде болатын жекеменшік білім беру ұйымдарының Республикалық конференциясында талқылаудан өткеннен соң Қазақстан Республикасының парламентіне жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны