14.09.2007, 17:38 3487

Мемлекеттік дума премьердің қызметіне Зубковты бекітті

Мемлекеттік дума премьердің қызметіне Зубковты бекітті.

Алматы. 14 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ресей үкіметін Виктор Зубков басқаратын болды. Бүгін оның кандидатурасын Мемлекеттік дума бекітті, деп хабарлайды агенттік ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Мемлекеттік думадағы дауыс беру ашық жүргізілді. Ресей үкіметінің жаңа басшысының кандидатурасы үшін 381 депутат дауыс берді. Сөйтіп, 66 жастағы В. Зубков қазіргі заманғы Ресей тарихында тоғызыншы үкімет басшысы болып бекітілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде үкімет басшысы Михаил Фрадков мемлекет басшысына министрлер кабинетін отставкаға жіберу жөнінде өтініш жасады.

Өз өтінішін ол елде жақындап келе жатқан ірі саяси оқиғалармен және Ресей президентіне кадр мәселесінен бастап барлық толғақты мәселелер бойынша шешім шығаруда толық еркіндік беруге деген талпыныспен байланыстырған.

Ресей Ата заңына сәйкес, енді президент В.Зубковты үкімет басшысы етіп бекіту жөніндегі жарлыққа қол қоюға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны