03.07.2006, 16:23 2993

Мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары Каспийдегі экологиялық проблемаларды зерттеуге дайын

АЛМАТЫ. 3-шілде. Kazakhstan Today. Еліміздің мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары Каспийдегі экологиялық проблемаларды зерттеуге дайын. Бұл туралы бүгін Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің баспасөз орталығында өткен қысқаша баспасөз мәслихатында еліміздің ғылым саласы қызметкерлерінің орталық кәсіподақ ұйымдары комитетінің төрағасы Марат Молдабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Таңқаларлығы сол, бізде мұнай өндіруші компаниялар зерттеу жұмыстарын жүргізуге ақша бөледі, бірақ, алынған мәліметтерді тек өз мүддесіне ғана пайдаланады”, деді М.Молдабеков. “Ал біз осындай қаржыға мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен институттар да зерттеу жұмыстары мен мониторинг жүргізгенін қалаймыз”,- деді ол.

“Қазір Қазақстанда объективті баға бере алатын, кәсіби деңгейі жоғары ұйымдар баршылық”, деп санайды М.Молдабеков.

“Қоршаған ортаның ахуалына мемлекеттік кәсіпорындардың баға беруі мемлекет үшін тиімсіз болғаны ма?! Соған қарағанда бұл әлдебіреулерге тиімсіз секілді. Демек, оның артында сыбайлас жемқорлықтың қитұрқылықтары жатқан тәрізді”,- дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны