14.02.2007, 13:33 2799

Мемлекеттік қажеттілікке деп тәркіленетін жерді бағалаудың біртұтас әдістемесін тез арада қабылдау қажет - тәуелсіз бағалаушылар

АЛМАТЫ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекеттік қажеттілікке деп тәркіленетін жерді бағалаудың біртұтас әдістемесін тез арада қабылдау қажет, олай болмаған жағдайда қоғамдағы наразылық арта түседі. Алматыдағы жерді тәркілеп алу және үйлерді бұзу мәселелері бойынша кеше өткен "дөңгелек үстелде" тәуелсіз бағалаушылар мен құқық қорғаушылар осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

АЛМАТЫ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекеттік қажеттілікке деп тәркіленетін жерді бағалаудың біртұтас әдістемесін тез арада қабылдау қажет, олай болмаған жағдайда қоғамдағы наразылық арта түседі. Алматыдағы жерді тәркілеп алу және үйлерді бұзу мәселелері бойынша кеше өткен "дөңгелек үстелде" тәуелсіз бағалаушылар мен құқық қорғаушылар осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл іске үкімет араласуға тиіс", деп мәлімдеді Қазақстанның Республикалық бағалаушылар палатасының вице-президенті Александр Калинин. "Егер ойын тәртіптері алдын-ала анықталса, коммерциялық құрылыс салушы да, шенеунік те өздерінің жеке басының мәселелерін шеше алмас еді", деді ол.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, "Алматыжер" сарапшыларының немесе сот сарапшыларының бағалауынша адамдарға төленіп жатқан өтемақылар нарық ахуалына сай келмейді. "Алматыжер" тәркілеп алатын жерлердің бағасы тәуелсіз сарапшылардың бағасынан 2-3 есе төмен", деді қатысушылар.

"Алматыжер" тарапынан жерді лайықты бағалау оқиғасын бірде-бір рет естімедік", деді Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Савченко.

Алайда, "Алматыжер" өкілдері мұндай пікірлермен келіспейтіндіктерін білдірді. "Белгіленген тәртіп осындай. Біз белгілі бір бастапқы бағаны айтамыз. Сол себепті ол төмен. Бірақ бұл тәуелсіз бағалаушылардың есебінің негізіндегі нарықтық құн",- деді "Алматыжер" МКК құқықтық қамтамасыздық бөлімінің бастығы Роман Бревнов. "Іс сотқа жеткен кезде баға біраз көтеріледі, деді ол. - Біз бастамашылармыз. Бәрі біздің берген бағамызға негіздейді".

"Меніңше, бізде жерді тәркілеп, үйлерді бұзу барысында бізде халықтың 80 процентін сот сараптамасын алға тартып алдайды", деп мәлімдеді лицензиясы бар бағалаушы, Бағалау және құрылыс академиясының доценті Борис Гузев. Оның пікірінше, сот сараптамасы "жердің нарықтық құнына қарай бағалауды мүлдем білмейді".

Өз кезегінде Алмалы аудандық сотының судьясы Дәулетбек Жанғозин "судьялар үшін ең басты проблема - мүлікті бағалау" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, "бағалау қызметіне қатысты ешбір құжат, соның ішінде Орталық сот сараптамасы немесе жеке меншік сарапшылардың қорытындысының алдын-ала белгіленген күші жоқ, олар басқа да дәлелдермен бірге бағалануға тиіс". "Егер сотта бағалаушының тәркіленетін баспананың қожайындарын адастырғандығы анықталған жағдайда сот істі қарау қорытындысы бойынша жеке қаулы шығару арқылы жауап қатып, лицензиардың алдына лицензияны кері қайтарып алу туралы мәселе қою құқығына ие", деді Д.Жанғозин. Оның айтуынша, Алматы соттарында "осындай екі іс тіркелген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны