03.12.2015, 11:05 3560

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылы Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасын бұзған жосықсыз кәсіпкерлер және азаматтар тарапынан қызметшілерге пара берудіӊ алты оқиғаныӊ жолын кесті

Тек 2015 жылғы қарашада Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында ішкі қауіпсіздік бөлімшелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерін тексеру барысында анықталған бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруда оларға көмек көрсеткені үшін мемлекеттік кірістер органдарыныӊ қызметшілеріне пара беруге тырысқан мұндай 2 фактініӊ алдын алды.

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және ведомстволық Сыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендетудіӊ 2015-2017 жылдарға арналған жоспарын іске асыру шеӊберінде Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) өз қатарында сияқты, жосықсыз салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан да сыбайлас жемқорлық факторын төмендету бойынша батыл шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мінез-құлықтыӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін сіӊіру, өз қызметшілері мен барлық қоғамды сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша іс-шараларына, оныӊ ішінде мемлекеттік кірістер органдарыныӊ лауазымды тұлғаларына пара бергені үшін жазадан бұлтартпау қағидатын іске асыру бойынша тәсілдерді жетілдіру арқылы кеӊінен тарту, аталған жұмыстыӊ басымды бағыттарыныӊ бірі болып табылады.

Осы мақсаттар үшін Комитет пара беру әрекетін анықтауда қызметшілердіӊ қатысуын, оныӊ ішінде сыбайлас жемқорлық көрністеріне қарсы тұра білуінде саналылықты білдіретін лауазымды тұлғаларға материалдық көтермелеу шараларын қолданумен белсендіру бойынша іс-шараға бастамашылық етті.

Нәтижесінде мемлекеттік кірістер органдары қызметшілерініӊ көмегімен және тікелей қатысуымен 2015 жылдыӊ басынан бастап олардыӊ лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде пара алуға бейімделудіӊ 6 фактісініӊ жолы кесілді.

Тек 2015 жылғы қарашада Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында ішкі қауіпсіздік бөлімшелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерін тексеру барысында анықталған бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруда оларға көмек көрсеткені үшін мемлекеттік кірістер органдарыныӊ қызметшілеріне пара беруге тырысқан мұндай 2 фактініӊ алдын алды.

Көрсетілген пара беру фактілері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық кодексініӊ 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұдан бұрын анықталған ұқсас факті бойынша Жамбыл облысы бойынша МКД қызметшісін пара алуға бейімдеуге ниет білдірген Г. азаматы сотталып, заӊсыз сыйақы берудіӊ 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл төлеу үкіміне кесілді.

Осыған орай, Комитет, Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық кодексініӊ 367-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралардыӊ күшейтілгені туралы салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларын ескере отырып, лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін қатаӊ қылмыстық жауапкершілік туралы еске салады. Атап айтқанда, параныӊ жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жазалаумен қатар, мүлікті тәркілеумен үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы да қарастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны