13.01.2018, 21:14 4686

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғам үшін ашық болуға тырысуда

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғам үшін ашық болуға тырысуда

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз каналын Telegram (Telegram @ adgspk) мессенджері арқылы ашты, онда Агенттіктіӊ қызметі туралы еӊ қызықты және маӊызды жаӊалықтарды тарату жоспарлануда.

Мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік желілерде қоғам үшін ашық болуға тырысуда. Бұл уақыттыӊ талабы, жұртшылықты уақтылы және дұрыс хабарлау, кері байланыс мүмкіндігін кеӊейту маӊызды.

Ашықтық пен тазалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдыӊ кепілі болып табылады, ал елдегі сыбайлас жемқорлық деӊгейініӊ төмендеуі мемлекеттік органдардыӊ, азаматтық қоғам мен бизнес қауымдастық арасындағы жұмысқа байланысты болады.

Агенттіктіӊ барлық жаӊалықтары мен жарияланымдарынан хабардар болғысы келетін белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар әлеуметтік желілердегі ресми беттерге қосыла алады (https://www.facebook.com/ADGSPK,https://www.facebook.com/anticorruption.gov.kz), деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны