25.07.2018, 23:21 3402

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға оқытады

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыруда үлкен жұмыс тәжірибесі бар ірі халықаралық компанияныӊ өкілдерімен кездесті. Атап өту керек, кездесу "Deloitte" компаниясыныӊ бастамасымен болды.
Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today - МҚІСЖҚА ірі халықаралық компаниямен бірлесіп мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға оқытады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыруда үлкен жұмыс тәжірибесі бар ірі халықаралық компанияның өкілдерімен кездесті. Атап өту керек, кездесу "Deloitte" компаниясының бастамасымен болды.

Компанияның Орталық Азия өңірі бойынша аға менеджері Зарина Ахмедина сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жаңа тәсілдерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық және заңнамалық талаптарды бұзушылықтардың туындауын анықтауға және төмендетуге мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерді талдауды таныстырды. Сондай-ақ басқалардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы рәсімдерді және процестердің ықтимыл әлсіз жақтарын анықтауға, алаяқтық, лауазымдық уәкілеттікті асыру пайдалану және әдепсіз мінез-құлық фактілерін тексеруге мүмкіндік береді.

Оның сөзінше компания мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың, оқытудың жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізуге дайын.

Зарина Ахмедина Агенттіктің қызметкерлері үшін Комплаенс-күн өткізуді ұсынды.

Ол ақысыз негізде тренингтер өткізу, әртүрлі кейстерді шешу, өзекті сценарийлерді симуляциялау, топтық іскер ойындар және басқа да шаралар арқылы кәсіби дағдыларды дағдылануға бағытталған" - деді ол.


Алик Шпекбаев аталған ұсынысты қабыл алып, Агенттіктің қызметкерлерінің, жалпы мемлекеттік аппараттың оқытуна ерекше назар аударылатындығын атап өтті.

Үздіксіз оқыту және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру - бұл уақыттың талабы.


Біздің мақсатымыз - мемлекеттік қызметшілердің ойлауын ауқымды трансформациялау.

Мемлекеттік қызметшінің тиімді жұмысына кедергі жасауға, олардың ойларын өзгертуге, hard және soft skills-терді дамытуға, сондай-ақ күнделікті қызметте "қажетсіз" элементтерден құтылуға бағытталған "Өзгерістерді өзіңнен баста" деген жобасы іске асырылуда" - деді Шпекбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Мемлекеттік басқару академиясының базасында "Комплаенс-күн" форматында топтық тренингтерді ұйымдастыруға және бұл тәжірибені басқа мемлекеттік органдарға кеңейтуге келісімге келді.

Атап айтқанда, "Deloitte" - консалтингтік және аудиторлық қызметтерді ұсынатын халықаралық компаниялар желісі. "Делойт" аудиторлық компаниялардың "үлкен төрттігіне" кіреді. 2017 жылы "Fortune" журналы "Deloitte" компаниясын әлемдегі 100 ең беделді компания рейтингіне кіргізді.

МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны