24.01.2019, 20:13 12824

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақмола облысы бойынша департаментінде кадр саясаты мәселелері талқыланды

а.ж. 1 ақпанынан бастап үміткерлер жалпы конкурстарға қатысу үшін заӊнаманы білуге арналған тестілеуден өткендігі туралы сертификаттыӊ және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырымныӊ ұсынылуы талап етілмейді. Мемлекеттік органныӊ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) үміткердіӊ аталған құжаттарын "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша тексереді.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today -23 қаӊтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақмола облысы бойынша департаменті аймақтағы мемлекеттік органдар персоналды басқару қызметтері өкілдерініӊ қатысуымен семинар өткізді.

Іс-шараныӊ модераторы, департамент басшысыныӊ орынбасары Р.Братаева өз сөзінде мемлекеттік органдардыӊ кадр саясатын іске асырудағы және кәсіби инновациялық мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы кадр қызметтерініӊ маӊызды ролін атап өтті.

Мемлекеттік органдар персоналды басқару қызметтерініӊ 2018 жылғы жұмысыныӊ қорытындысы туралы департаменттіӊ мемлекеттік қызмет басқармасыныӊ басшысы Г.Евниева баяндады. Сонымен бірге, семинар барысында мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін реттейтін заӊнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Баяндамашы жеке қасиеттерді бағалаудыӊ жаӊа жүйесіне ерекше мән берілді. Осылайша, мемлекеттік қызметке үміткер азаматтар адалдық, тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жауапкершілік, бастамашылдық, стресске орнықтылық қасиеттеріне ие болуы керек. Былайша айтқанда, бұл мемлекеттік қызметшіге қажетті базалық қасиеттер болып табылады. Лауазым деӊгейіне байланысты қосымша келесі құзыреттер тексеріледі: өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жаӊа жүйеге сәйкес тестілеу сондай-ақ растық деӊгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деӊгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. Өту мәнінен төмен бағаланған үміткерлер қайта тестілеуді алдыӊғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

Қағаз тасығышта ұсынылатын құжаттар санын қысқарту аясында, а.ж. 1 ақпанынан бастап үміткерлер жалпы конкурстарға қатысу үшін заӊнаманы білуге арналған тестілеуден өткендігі туралы сертификаттыӊ және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырымныӊ ұсынылуы талап етілмейді. Мемлекеттік органныӊ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) үміткердіӊ аталған құжаттарын "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша тексереді.

Семинар қатысушылары, сондай-ақ, "Б" корпусыныӊ мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарындағы өзгерістермен таныстырылды.

Ақмола облысыныӊ мемлекеттік қызметшілерін оқыту жағдайы туралы және ағымдағы жылғы жоспарларымен ҚР Президентініӊ жанындағы мемлекеттік басқару академиясыныӊ Ақмола облысы бойынша филиалы директорыныӊ м.а. А.Бекентаева бөлісті.

Семинар барысында қатысушылар қойған сұрақтарына толық жауап алды.

Р.Братаева қорытынды сөзінде семинардыӊ қатысушыларына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, ағымдағы жылға міндеттерді айқындап берді.

Іс-шараға 90 адам қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны