14.03.2007, 14:10 3579

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу жобасы талқыланды

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу жобасы талқыланды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, сейсенбіде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ұйымдастыру комитетінің "Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеуге көмек көрсету"жобасы бойынша кезекті отырысына Еурокомиссияның өкілдері қатысты. Іс-шараға сондай-ақ, жобаның серіктесі болып табылатын "DAI Europe" компаниясы, жобаны іске асыруға қосылған мемлекеттік органдар - әділет, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, қаржы министрлігінің салық комитеті, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы әкімшілігі қатысты.

Жоба аясында 33 басым мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары әзірленіп, Астана және Алматы қалаларындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының іс-қызметтерін ұйымдастыру мен жақсартуға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, жобаны ұйымдастырушылар, атап айтқанда Алматы және Шымкент қалаларында бірқатар семинарлар өткізді, және де халыққа ұсынылып отырған қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша оларға әлеуметтік сауалнама жүргізіп, стандарттарды өңдеу жөніндегі модельді әдістемелік ұсыным әзірледі.

Өткен отырыс барысында жобаны жүзеге асырудағы ең өткір және өзекті проблемалар талқыланып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жолдары қарастырылды, деп атап көрсетті агенттіктің баспасөз қызметінен.

"Жоба елімізде жүзеге асырылып жатқан әкімшілік реформаны қолдауды және мемлекеттік басқару саласындағы халықаралық тәжірибелерді қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерге жеткізуді көздейді",- деп атап өтті мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің мемлекеттік қызметтерді мамандармен қамтамасыз ету департаментінің директоры Серік Қапаров.

"Мемлекет басшысының жолдауында халыққа көрсетілетін қызмет сапасын көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген",- деп атап көрсетті мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының бірінші орынбасары Ғабидулла Ибдірахымов. Сонымен қатар, ол барлық мемлекеттік органдар арасында мемлекеттік қызмет көрсету регламентін әзірлеу тәжірибесін таратудың өзекті екендігін атап өтті.

Мемлекеттік қызметтер ісі жөніндегі агенттік 2005 жылдың қыркүйегінде басталған және де Еурокомиссия қаржыландырып отырған жобаны жүзеге асыруға қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны