Система Orphus

Мемлекеттік қызметтегі тың реформа Қазақстанды жаңа деңгейге көтерді - Т.Цоцкалашвили

26.05.2014, 21:17 757

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. Грузияның Мемлекеттік қызмет бюросы Мемлекеттік қызметті реформалау мен дамыту департаментінің жетекшісі Тамта Цоцкалашвили Астана экономикалық форумында Қазақстандағы мемлекеттік қызметке өзіндік бағасын берді.

"Бүгінгі таңда біз Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласына жасалған батыл реформалардың елді жаңа деңгейге көтергеніне куә болып отырмыз. Аталмыш жаңалықтар мен бастамалар тәжірибесі әлемдік қауымдастықтың назарына ілікпей қоймасы анық", - дейді Т.Цоцкалашвили.

Оның айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мен жетілдіруге барлық жағдай жасалған.

"ҚР Мемлекеттік басқару академиясында халықаралық деңгейдегі магистрлік және докторлық бағдарламалар жұмыс істеуде, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жұмыстары жүргізіледі. Оқыту шаралары тәжірибег е негіздеген. Идістемелік дайындықтар мен ғылыми жұмыстар тұрақты өткізіледі. Академияның әлемдік сараптамалық қауымдастық пен халықаралық ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеуі көңілге қуаныш ұялатады. Онда магистрлік және докторлық жұмыстарға халықаралық ғалымдар мен оқымыстылар тартылып, тәжірибе алмасу мен бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Академия қабырғасында Өңірлік хаб хатшылығы бар, онда мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе алмасады", - дейді Тамта Цоцкалашвили.

Оның айтуынша, Грузияда мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыратын осындай академия жоқ. "Магистранттармен жүздесу біздің елде осы сынды білім ордасын құру процессін жеделдете түсті", - дейді ол.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны