14.05.2007, 19:14 2888

Мемлекеттік органдарға итбалықтардың қырылуына жол бермеуге қатысты шаралар кешенін әзірлеуге кеңес берді

АСТАНА. 14 - мамыр. Kazakhstan Today. Каспийдің Қазақстанға қарасты жағалауындағы итбалықтардың қырылуының себебін тексеру жөніндегі аймақтық комиссия мемлекеттік органдарға келешекте мұндай жағдайларға жол бермеуге қатысты шаралар кешенін әзірлеуге кеңес берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Комиссия сәйкес мемлекеттік органдарға Каспий теңізінің қазақстандық су айдынында осы тектес жағдайларға жол бермеу үшін іс-шара кешенін әзірлеуді ұсынды",- деп айтылған қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің бүгін өткен комиссия отырысының қорытындысы бойынша дүйсенбіде таратқан баспасөз баянында.

Комиссияның болжамы бойынша, теңіз жануарларының қырылуының себеп болған етқоректілредің оба індеті болып табылады. Екі институттың - Биологиялық қауіпсіздік пробламаларын ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің микробиология институтының жүргізген екі сараптамасы да өлген итбалықтардың денесінде аталмыш індеттің бар екендігін анықтаған.

Табиғатты қорғау мекемесінің хабарламасында, өлген жануарлардан алынған сынамалардан А және В тұмау қоздырғышы табылмаған, ауыр тұздар мен металлдардың мөлшері (мыс, қорғасын,кадмий, сынап, мырыш) қалыпты мөлшерде. Сонымен қатар, өлген итбалықтар табылған аудандарда жүргізілген зерттеулер фенолдардың, ауыр металдардың және мұнай өнімдерінің шамадан тыс болуын анықтамады.

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтері бойынша 10-мамырда Каспийдің Қазақстанға қарасты жағалауындағы өлген итбалықтардың саны 928-ге жеткен. Сөйте тұра, бекіре тұқымдас балықтар мен қырылу дерегі анықталған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны