04.06.2015, 12:04 3927

Мемлекеттік рәміздер күні ҚР әскери қызметшілері Елтаӊба авторымен кездесті

Бүгін еліміздеМемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде. Мемлекеттік рәміздер кез-келген мемлекеттіӊ ажырамас атрибуты, оныӊ егемендігі мен тәуелсіздігін бейнелейді

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін еліміздеМемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде. Мемлекеттік рәміздер кез-келген мемлекеттіӊ ажырамас атрибуты, оныӊ егемендігі мен тәуелсіздігін бейнелейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік рәміздеріне 23 жыл толуына орай Иуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығыныӊ басқармасында әскери қызметшілер Мемлекеттік Елтаӊбаныӊ авторы Жандарбек Мәлібековпен салтанатты кездесу ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Елтаӊба авторы авиаторлармен әӊгіме барысында еліміздіӊ төл рәміздерін құру, оныӊ Қазақстанныӊ қалыптасуы мен дамуындағы маӊыздылығы туралы айтып берді.

"Ир адамныӊ көш бастаушы жұлдызы болуы тиіс. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Мемлекеттік рәміздердіӊ негізінде біз қазақстандықтардыӊ Отанға деген сүйіспеншілік, ел тұрғындарыныӊ мақтаныш сезімдерін нығайтуға, Қазақстанныӊ жетістіктері мен құндылықтарын насихаттауға, Елбасыныӊ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету, халықтыӊ әл-ауқатын арттыру жөніндегі жүргізілетін саясаттын түсіндіруге тиіспіз", - деді Жандарбек Мәлібеков.

Осы орайда офицерлер де осынау ерекше күнді әр қазақстандықтыӊ білуі мен қастерлеудегімаӊыздылығын атап өтті.

"Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу еліміздіӊ мемлекеттік нышандарына құрмет көрсету негізінде қоғамды нығайту, тарихи құндылықтар мен қазақстандықтардыӊ бірлігін сақтау болып табылады", - деді ҚР ҚК ИҚК бас қолбасшысыныӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов.

Мемлекеттік рәміздер - бұл егемендігіміздіӊ ерекше құндылығы, еліміздіӊ тәуелсіздігі мен халық бірлігініӊ негізі.1992 жылғы 4 маусымдағы "Мемлекеттік рәміздер туралы" ҚР Заӊыныӊ шығуы Қазақстанныӊ тәуелсіз мемлекеттілігін нығайтып, еліміздіӊ даму жолындағы жаӊа бастама болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны