03.12.2008, 09:53 1739

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада кеше Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия отырысында Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру қорытындылары мен тиімділігі туралы есебі, Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолданудағы және геральдика мен белгілерді пайдаланудағы жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

Комиссия сондай-ақ республикалық комиссияның 2009 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Отырыстың қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды.

Отырыс барысында мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәкен Оңалсынұлы Ниязбековты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны