18.07.2008, 17:19 2586

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін қайта құрылымдау қызметтің жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді - Белоног

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін қайта құрылымдау қызметтің жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді - Белоног

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін қайта құрылымдау қызметтің жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары бізге іс жүзінде бағынбайды, олар жергілікті әкімдерге бағынады. Қайта құрылымдау қадағалау мен тәртіпті күшейтуге мүмкіндік береді", - деді А. Белоног. Сонымен бірге, қазіргі құрылымды өзгерту маман дайындауды жақсартып, қызметті оңтайландыруға, жергілікті жерлердегі мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау органдарын басқарудың біртұтас жүйесін жасауға мүмкіндік береді.

Өңірлердегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын тікелей мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағына беру арқылы түзілетін тігінен басқару құрылымы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны