14.04.2019, 23:53 17220

Мемлекеттік шекара арқылы қару-жарақ, оқ-дәрімен өтпек болғандар ұсталды

Өткен тәулікте Қазақстан шекарашылары жалған мөр басылған құжаттармен мемлекеттік шекарадан өтпек болған төрт Өзбекстан азаматын ұстады.

Нұр-Сұлтан. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекеттік шекара арқылы қару-жарақ, оқ-дәрімен өтпек болғандар ұсталды.

"Петропавл" шекара отрядының "Қарақоға-авто" бөлімшесінде бүгін түнде, сағат 2-лер шамасында Ресейден біздің елге қарай келе жатқан 34 жастағы РФ азаматы ұсталды. Шекарашылар оның жекеменшік "Ниссан Патрол" автокөлігін тексерген кезде жүксалғыштан әр түрлі аңшы мылтығына және травматикалық қаруға арналған оқ-дәрілерді тауып алды. Одан әрі, тереңдете тексеру нәтижесінде автокөлік кабинасында, орындықтың астына жасырылған "ТТ Лидер" маркалы травматикалық тапанша да табылды. Ұсталған азамат айғақ заттарымен бірге Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.

Сондай-ақ, Қостанай шекара отрядының "Қайрақ-авто" бөлімшесінде біздің елге келе жатқан Ресей азаматынан, Семейдің "Үбе-авто" бөлімшесінде Ресейге шығып бара жатқан қазақстандықтан да аңшы мылтықтарының оқ-дәрілері табылып, Қарабалық және Шемонайха аудандық полиция бөлімдеріне тапсырылды.

"Қорғас" шекаралық бақылау отрядының Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығына қарасты бақылау бөлімшесінің шекара наряды бақылаудың барлық түрін өтіп болып, енді Қазақстанға қарай бет алған 1978 жылғы қазақстандық азаматшаны ұстады.

Жүріс-тұрысы күдікті болып көрінген азаматшаны жеке алып шығып тексерген кезде оның қойны-қоншынан 15 дана ұялы телефон табылды. Заңсыз тауар актіленіп, "Алтынкөл" кеден бекетіне тапсырылды.

Өткен тәулікте Қазақстан шекарашылары жалған мөр басылған құжаттармен мемлекеттік шекарадан өтпек болған төрт Өзбекстан азаматын ұстады.

Жалған мөрмен ұстау дерегінің бірін "Астана" шекаралық бақылау отрядының шекара наряды жүзеге асырды. "Нұр-Сұлтан-Тәшкент" бағытындағы HY 722 әуе рейсінен көші-қон полиция бөлімдерінің бірінің жалған мөрін басып, тіркеуді 2019 жылдың 13 мамырына дейін ұзартып алған 1996 жылғы өзбекстандық ұсталды.

Елдеріне қайтып бара жатқан тағы үш Өзбекстан азаматтары Сарыағаш шекара отрядының "Жібек жолы-авто" бөлімшесінде ұсталды. Олардың құжаттарында Алматы облысы бойынша көші-қон полициясының қолдан жасалған мөрі басылыпты.

Өткен тәулікте Қазақстан шекарашылары жалған мөр басылған құжаттармен Мемлекеттік шекарадан өтпек болған төрт Өзбекстан азаматын ұстады.

Жалған мөрмен ұстау дерегінің бірін "Астана" шекаралық бақылау отрядының шекара наряды жүзеге асырды. "Нұр-Сұлтан-Тәшкент" бағытындағы HY 722 әуе рейсінен көші-қон полиция бөлімдерінің бірінің жалған мөрін басып, тіркеуді 2019 жылдың 13 мамырына дейін ұзартып алған 1996 жылғы өзбекстандық ұсталды.

Елдеріне қайтып бара жатқан тағы үш Өзбекстан азаматтары Сарыағаш шекара отрядының "Жібек жолы-авто" бөлімшесінде ұсталды. Олардың құжаттарында Алматы облысы бойынша көші-қон полициясының қолдан жасалған мөрі басылыпты.

"Петропавл" шекара отрядының "Мамлютка" теміржол көліктерін тексеру бөлімшесінің шекара наряды Петропавловск теміржол бекетінде тоқтап тұрған "Анапа-Красноярск" бағытындағы № 130 пойызға арақ-шарап тиеліп жатқан сәттің үстінен түсті.

Ешқандай құжатсыз, 457 712 теңгеге бағаланып тиеліп жатқан 110 шөлмек (220 литр) шараптың, 30 шөлмек (60 л.) коньяктың, 78 шөлмек (156 литр) арақтың, 28 шөлмек (56 литр) мускат шарабының, 14 шөлмек (28 литр) алма шарабының барлығы қолдан жасалғандығы анықталды. Дәл сол жерден пойыз бастығы, 1972 жылы туған Ресей азаматы ұсталды. Қолдан жасалған арақ-шарап актіленіп Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны