26.06.2009, 13:27 3043

Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры мен "Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры мен "Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры мен "Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меморандумға қол қою барысында А.Перуашев: "Біз қазақ тілінің қолданыс аясын, әсіресе, халыққа қызмет көрсету саласындағы бизнес-құрылымдарда кеңейте түсу туралы келісімге келдік. Бизнес қазақша сөйлеуі керек, бұл - дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома" - деп атап өтті.

Сондай-ақ, кеше БАҚ өкілдерімен кездескен қор директоры Берік Ибдіғалиев, қор қамқоршылық кеңесінің мүшесі, сенатор Қуаныш Сұлтанов және "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашевтар орыстілді басылымдарда жарық көрген мемлекеттік тіл туралы үздік мақала авторларын марапаттады.

Қор директоры Б.Ибдіғалиевтың айтуынша, байқауға қатысқан 30 шақты орыстілді журналист қазақ тілі туралы өз мақалаларын қорға ұсынған. Үміткерлердің мақалалары осы жылдың қаңтар және маусым айларында түрлі газет беттерінде жарық көрген.

"Біз байқауға қатысушыларға қандай да бір, жанр жағынан болсын, қатаң талап немесе шектеу қойған жоқпыз. Ең бастысы, олардың қазақ тілі туралы нанымды пікірді орыстілді қауымға жеткіземін деген талпынысын қолдадық", - дейді қор директоры.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған байқау келесі журналистер мерекесі күні қарсаңында да ұйымдастырылады. Сондай-ақ олар келер жылы байқауға орыстілді журналистердің биылғыдан да белсене қатысып, қазақ тілі туралы бұдан да көп әрі өзекті мақалалар жазатынына үміттенетінін жасырмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны