18.11.2019, 18:42 21197

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы "Елге қызмет ету - мінезден" байқауы аяқталуда

Үздік жобалар Агенттіктің ресми сайтында жарияланады. Жаңашылдық және практикада қолданылатын идеялар мен жобаларды кейіннен іске асыру үшін мемлекеттік органдарға жіберу жоспарланып отыр.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызметшілер арасындағы "Елге қызмет ету - мінезден" байқауы аяқталуда.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілер арасындағы "Елге қызмет ету - мінезден"/ "Служение народу - от характера" байқауын өткізуде.

Байқау қазан айында басталды және оның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық құндылықтарын ілгерілету және халыққа адал қызмет ету, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру арқылы мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру болып табылады.

Бүгінде түрлі номинациялар бойынша конкурсқа қатысу үшін 60-тан астам қатысушы өз жұмыстарын жіберді. Бұл конкурсқа тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де қызығушылық танытты.

Естеріңізге сала кетейік, байқауға қатысу үшін үміткерлер эссе, бейнеролик немесе жалпы сұрақтар бойынша ұсыныстар түрінде өз көзқарасын ұсынуы қажет:

- мемлекеттік қызметшілердің өз еліне адал қызмет етуі;

- мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара қарым-қатынас жүйесі;

- мемлекеттік қызметшілердің өз жұмысына жауапты көзқарасын күшейту;

- кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;

- патриоттық сезімді арттыру.

Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар қарастырылған:

- үздік эссе (мақала);

- үздік бейнеролик;

- ең жақсы ұсыныс.

Қатысушылар өз жобаларын а.ж. 15 қарашаға дейін [email protected] электрондық поштасына жолдау қажет болған.

Үздік жобалар Агенттіктің ресми сайтында жарияланады. Жаңашылдық және практикада қолданылатын идеялар мен жобаларды кейіннен іске асыру үшін мемлекеттік органдарға жіберу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны