18.04.2008, 18:33 3705

Мемлекеттің табиғат қорғау саясатын жүзеге асыруда жергілікті және өкілетті органдарға маңызды рөл беріледі - Тоқаев

Мемлекеттің табиғат қорғау саясатын жүзеге асыруда жергілікті және өкілетті органдарға маңызды рөл беріледі - Тоқаев

Атырау. 18 -сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттің табиғат қорғау саясатын жүзеге асыруда жергілікті және өкілетті органдарға маңызды рөл беріледі. Бұл туралы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңестің Атырау облысында "Қазақстанның Каспий өңірінің инвестициялық ахуалын, қоршаған ортасын және табиғи ресурстарын қорғауды жақсартудың заңнамалық аспектілері" тақырыбына арналған көшпелі отырысында сенат төрағасы қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік.

Отырысқа барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, жергілікті атқарушы билік пен қоршаған ортаны қорғау, энергетика және минералды ресурстар министрліктерінің, мұнай саласы кәсіпорындары өкілдері қатысты.

Олардың алдында сөз алған парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев "қоршаған ортаны қорғауға байланысты көптеген мәселелерді аймақтық деңгейде де тиімді шешуге болады", деп атап өтті. Оның пікірінше, Атырау облысының мемлекеттік органдары мен мәслихат депутаттарының принципті ұстанымы жер қойнауын пайдаланушылардың амал-әрекеттерін Теңіз кен орны ауданының экологиялық қауіпсіздігіне қатысты қайта қарауға мүмкіндік бергені мемлекеттің табиғат қорғау саясатын жүзеге асыруда жергілікті және өкілетті органдарға маңызды рөл берілетінін айғақтап отыр.

Оның айтуынша, "өркендеген демократия жағдайында жергілікті жердің дауысы аса маңызды", ал мәслихаттардың құқықтарын кеңейту мен жаңа өкілеттіктері тұрғысында ерекше қажет болады. "Қазіргі кезде парламентте жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару туралы жаңа заңдарды қабылдауға әзірлік жүріп жатыр. Бұл заңдар қазіргі кезде орын алып отырған көптеген мәселелерді шешетін болады" деді Қ.Тоқаев. Оған қоса төраға конституциялық деңгейде бекітілген құқықтық тетіктерді тиімді пайдалану жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып әзірленген сындарлы қадамдармен қабысуы тиіс. Осыған байланысты Қ.Тоқаев жоғары заң шығару органы мен жергілікті өкілді биліктің ашық та сындарлы үнқатысуының, әсіресе, аймақтық даму мен мезгіл талабына жауап бере алатын заңнамалық бастамалардың маңызды екенін атап көрсетті.

Сол күні сенаторлар облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарымен, салық және кеден қызметтерінің өкілдерімен кездесті және "Махамбет-Исатай" мемориалды кешенінде, "Аджип" компаниясының оқу орталығы мен балалардың айығу орталығында болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны