24.08.2006, 09:59 2960

Мен, сіздердің абыройларыңыз үшін, барлық әрекеттің барынша заң шеңберінде жасалғанын қалаймын - Өтембаев

ТАЛДЫҚОРҒАН. 24 тамыз. Kazakhstan Today. "Мен, сіздердің абыройларыңыз үшін, барлық әрекеттің барынша заң шеңберінде жасалғанын қалаймын", - деп мәлімдеді саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілері Бауыржан Байбосын мен Василий Журавлевтың өліміне қатысты өтіп жатқан сот барысындағы жарыссөзде соңғы сөз алған сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлады.

Оған қоса ол : "осы атышулы қылмыстық іске қатысушыларға алғыс айтқан әділ болар еді",- дегенді айтты. "Мен 50 жастамын , соттан сұрайтыным, жас жігіттерге мұқият көзқарас ұстануды сұраймын, олардың бар өмірі әлі алда",-деп ескертті.

Сондай-ақ , айыпталушылар Рустам Ибрагимов, Алымжан Ғазиев, Еділ Ибікенов, Асылан Тәжі, Разхан Есепбергенов, Ерлан Ералиев, Виталий Мирошников, Нүркен Едігеев, Ерғали Қасымов соңғы сөз алды.

Е.Қасымов соңғы сөзінде, "мен жазамды өтеуге дайынмын",- деді. Бірақ соттан ол бас бостандығынан айырмауды сұрап, кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін алға тартты.

Е.Ибікенов өз кезегінде, "осынша жыл осы жүйеде қызмет ете келіп, ақыр-аяғында темір торға тоғытыламын деп ойлаған емеспін", деді.

Сотта жарыссөздер аяқталды. Сотқа төрағалық етіп келген Алматы облыстық сотының судьясы Лукмат Мерекеновтың айтуынша, айыпталушыларға қатысты ақтық шешім 31 тамызда шығарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны