14.12.2016, 14:40 3904

Мерейтойлық Х Халықаралық П.Чайковский атындағы жасөспірім музыканттар байқауы Астана қаласында өтеді

Профессор Айман Мұсаходжаева атап өткендей, байқау 17 жасқа дейінгі музыканттар арасында фортепиано, скрипка және виолончель мамандықтары бойынша өткізіледі.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мерейтойлық Х Халықаралық П.Чайковский атындағы жасөспірім музыканттар байқауы Астана қаласында 2017 жылдыӊ 15 мен 25 маусымы аралығында өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсаходжаева, Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Ермек Аманшаев, П.И. Чайковский атындағы Халықаралық конкурстыӊ дипломанты Ибдісағын Рахат-Би, П.И. Чайковский атындағы Халықаралық конкурс лауреаттар қауымдастығыныӊ бас директоры Андрей Щербактыӊ қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды,- деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.

Профессор Айман Мұсаходжаева атап өткендей, байқау 17 жасқа дейінгі музыканттар арасында фортепиано, скрипка және виолончель мамандықтары бойынша өткізіледі. "Байқауды ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ Ұлттық өнер университеті және П.И.Чайковский атындағы Халықаралық байқау лауреаттарыныӊ Ассоциациясы. Байқау П.И.Чайковский атындағы Москва мемлекеттік консерваториясыныӊ, Москва Үкіметініӊ және Астана қаласы Икімдігініӊ қолдауымен өткізіледі", - деді КазҰӨУ ректоры.

"Байқау ерекшелігі - ол әртүрлі елдерде өткізіледі, әрі жас музыканттардыӊ әлемніӊ барлық елдерінен қатысуына мүмкіндік береді. Халықаралық байқаудыӊ әлемге әйгілі П.И.Чайковскийдіӊ атымен тығыз байланысы (жасөспірімдер байқауыныӊ жеӊімпаздары "ересектер" байқауына қатысуға ұсынылады), қатысушылар саныныӊ көптігі және олардыӊ жоғары орындаушылық деӊгейі, күрделі байқау бағдарламалары, мәртебелі халықаралық төрешілер, тыӊдарманныӊ және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ аса жоғары қызығушық білдіруі конкурстыӊ жас музыканттар үшін нағыз беделді халықаралық байқау деп санауға болатындығын көрсетеді", - деп қосты қала әкімініӊ орынбасары Е.Аманшаев.

Х Халықаралық П.Чайковский атындағы жасөспірімдер байқауыныӊ төрешілері құрамына Ресей, Қазақстан, АҚШ, Корея, Қытай, Франция, Швейцария елдерінен белгілі музыканттары кіреді. Байқаудыӊ бірінші және екінші кезеӊдері Қазақ Ұлттық өнер университетініӊ сахналарында, үшінші кезеӊ - "Астана Опера" Опера және балет театрыныӊ сахнасында, ал ашылу және жабылу салтанаты "Қазақстан" Орталық концерт залында өтеді. Байқаудыӊ финалына қатысушылар симфониялық оркестрлердіӊ сүйемелдеуімен шығарма орындайды.

1992 жылы негізі қаланған Халықаралық П.И.Чайковский атындағы жасөспірімдер байқауы - жас пианистер, скрипкашылар және виолончелистер үшін аса ірі кәсіби байқау. Ашылғалы бері бұл байқау Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір (Ресей), Сендай (Жапония), Сувон (Корей Республикасы), Сямынь (ҚХР), Монтре-Веве (Швейцария), Курасики (Жапония) қалаларында өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны