27.04.2023, 15:29 65151

Мереке күндері Қазақстанда ХҚКО мен МХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Мерекелерден кейін 10 мамырда барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады
Мереке күндері Қазақстанда ХҚКО мен МХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
Астана. 27 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - "Азаматтарға арналған Үкімет" мереке күндері Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтінін хабарлады.

2023 жылы қазақстандықтар мамыр айында: 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнін атап өтеді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы осы мерекелерге байланысты Қазақстанның ХҚКО-лары мен МХҚО-лары 1, 8 және 9 мамыр күндері жұмыс істемейтінін хабарлайды".


Сенбі 6 мамыр күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚО-лар жұмыс істейді.

Бұл күні азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетіледі. Мерекелерден кейін 10 мамырда барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады", - деп қосты баспасөз қызметі.


Бұған дейін Қазақстанда жылжымайтын мүлікке байланысты мемлекеттік қызметтер бірнеше күнге тоқтатылатыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны