25.12.2014, 19:05 3477

Мереке күндері Астана-Павлодар бағытында қосымша пойыздар жүреді

29 мен 31 желтоқсан күндері Астана-Павлодар бағытында электр пойызы жүретін болады

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жолаушылардыӊ жайлылығы үшін 2014 жылдыӊ 29 және 31 желтоқсан күндері Астана-Павлодар арасында бір бағытта қатынайтын № 816 электр пойызы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ныӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Пойыз Астанадан сағат 17:00-де шығып, Павлодарға 23:25-те жетеді. Электр пойызы екі станса: Ерейментау және Екібастұзда тоқтайды. 29 желтоқсан күні пойыз құрамында жалпы орынды 6 вагон болса, 31 желтоқсанда құрамда 1, 2 және 3-ші класқа жататын 10 вагон болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны