07.05.2019, 15:16 8263

Мерекелерге байланысты күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданды

Еліміздің қалаларында "Мәңгілік Даңқ - Бессмертный полк" шеруінің өткізілуіне байланысты полиция қызметкерлері осы іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдайтын болады.

Нұр-Сұлтан. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Алдағы мерекелерге байланысты Ішкі істер министрлігі күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады.

6-12 мамыр аралығында ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нысанына ауыстырылды.

Көшелер мен қоғамдық орындарда жасақтардың тығыздығы арттырылды. Бұл ретте мерекелік іс-шаралар өткізілетін және азаматтардың жаппай қыдыратын жерлеріне ерекше назар аударылды.

Еліміздің қалаларында "Мәңгілік Даңқ - Бессмертный полк" шеруінің өткізілуіне байланысты полиция қызметкерлері осы іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдайтын болады.

Апатты және кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында ІІМ жол қозғалысына қатысушылардан шеру кезінде өздерінің бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.

Сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзудың барлық фактілері, сондай-ақ өткізіліп жатқан мәдени-бұқаралық іс-шараларды бұзуға, іс-шараға қатысушыларға кедергі келтіруге бағытталған әрекеттер бойынша полиция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел ықпал ету шараларын қабылдайтын болады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны