16.05.2008, 18:05 2998

Мерзімсіз аштық жариялаған Радостовец көшесінің тұрғындары жеке меншік баспаналарын тәркілеу жөніндегі әкімдіктің қаулысының күшін жоюды талап етті

Мерзімсіз аштық жариялаған Радостовец көшесінің тұрғындары жеке меншік баспаналарын тәркілеу жөніндегі әкімдіктің қаулысының күшін жоюды талап етті

Алматы. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мерзімсіз аштық жариялаған Радостовец көшесінің тұрғындары жеке меншік баспаналарын тәркілеу жөніндегі әкімдіктің қаулысының күшін жоюды талап етті.

Бүгін Радостовец көшесінде жеке мүлкін тәркілеу жөніндегі сот үкімдері берілген тұрғындар 409 үйдің ауласында мерзімсіз аштық жариялады. Оларға тәркіленетін жылжымайтын мүліктері үшін берілетін өтемақы көлемі нарықтағы сатып алудың нақты құнынан әлде қайда төмен.

"Кеше сотта менің пәтерімнің тәуелсіз сараптамасы беріліп оның құны 90 млн теңгені құраған. Ал олардың баспана бағасын анықтайтын мамандары 22 млн теңге деп белгілеген. Ал біздік пәтерімізде 15 адам тұрады ", -деді акцияның қатысушысы Марат Қалиев.

Тағы да үйінен шығарылайын деп отырған тұрғын Светлана Гурьева айтқанындай, оның екі бөлмелі пәтерінің бір шаршы метрі 970 долларға бағаланып 35 мың долларды құраған. Құрылысшылар ақшаның орнына баспана ұсынған. Алайда ұсынылған пәтерлердің басым бөлігі сатылып кеткендігі анықталған. Сонымен қатар құрылыс компаниялары сол ауданда бірдей аумақты баспананы ұсынбаған.

"Маған екі бөлмелі пәтердің орнына бір бөлмені бермекші болған. Сотта ең бірінші рет шаршы метріне 2000 доллар ұсынды. Енді шаршы метірге 970 доллар ұсынылып отыр, яғни менің үйім 35 мың долларға бағаланған. Ал біздің ауданда кірпіштен қаланған екі бөлмелі үйлер 160 мың доллар тұрады ", -деп мәлімдеді С. Гурьева.

"Алматыжер" заңгерлік басқармасының бастығы Сергей Чайкин жүргізіліп жатқан аштық акция орнына келіп, тұрғындарға олардың құқықтарын ешкім таптап жатпағанын түсіндіргісі келді. Өтемақы көлемінің айтарлықтай төмендеуі соңғы айларда жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуіне байланысты. Соған қарамастан С. Чайкин бұлардың үйлері дұрыс бағаланды деп журналистерді сендіріп бақты.

"Жер учаскесі үшін 40 мың доллар және шаршы метріне 2 мың доллар есептелген ", - деп атап өтті С. Чайкин. Ол мәлімдегеніндей, бұл жерден шығарылып жатқан 264 тұрығынның 170 мәселесі шешілген. Ал қанағаттанбағандар қатарында 10-20 адам қалған.

Ол мәлімдегеніндей, "бұл ауданның бірде бір тұрғыны күшпен шығарылмайды". "Біз әрбір жеке меншік иесімен барлық мәселелерді реттеуге тырысамыз ", -деп атап өтті С. Чайкин.

Тұрғындар бұған қатысты өздерінің наразылықтарын білдіре бастады. "Күшпен шығарылған жәйттер болды. Ақпан айында бір отбасы балаларымен бірге далаға күшпен шығарылды ", - деп мәлімдеді аштық акциясына қатысушы Сергей Дмитриев.

Нарызы тұрғындардың айтуынша, оларға психологиялық қысым көрсетілуде. "Қазақстан әйелдері" республикалық қозғалысының төрайымы Дәміткен Иленованың айтуынша, одан көмек сұрап баспаналарынан қулып жатқандардың жағдайын соттар күрделілендіруде.

"Соттар қалғандарын қорқыту үшін сот шешімдерін шығаруда. Мысалы бір әйелге өтемақы мөлшерін 40 мың доллар көлемінде белгіленді. Ал оның артынан көп балалы ананың ісі қаралуы керек. Ол ол бұған дейін 90 мың доллар өтемақыдан бас тартып келген. Мұндай сот шешімінен кейін көп балалы ана ұсынылған мөлшерге келісімін беріп келіссөздерге баруға дайын болады. Мұндай жағдайда соттар қысым жасау үшін пайдаланылады", - деп мәлімдеді Д. Иленова.

Соған қарамастан, үйлерінен қуылып жатқандардың бір бөлігі өздерінің конституциялық құқығын одан әрі қорғауға бел буып отыр."Бүгіннен бастап біз аштық жариялап, жеңіске жеткенге дейін тұрамыз. Бірақ менің пікірімше, біз олармен келіссөздер жүргізбейміз. Оларға жүз рет ұсыныс жасадық. Олар оны қабылдамады, енді біз қаламаймыз ", -деп мәлімдеді С. Дмитриев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны