02.03.2020, 22:00 20239

Мессенджерлерде таралған 1991 жылдан бастап 2019 жылға дейін жұмыс істейтін адамдарға МӘСҚ-дан төленетін төлемдер туралы ақпарат жалған болып табылады

Түрлі хабар таратушы мессенджерлерде таратылған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - МӘСҚ) 1991-2019 жылдар аралығында жұмыс істетеген азаматтарға 600 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеп жатқандығы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайды.

Алматы. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Мессенджерлерде таралған 1991 жылдан бастап 2019 жылға дейін жұмыс істейтін адамдарға МӘСҚ-дан төленетін төлемдер туралы ақпарат жалған болып табылады.

Түрлі хабар таратушы мессенджерлерде таратылған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - МӘСҚ) 1991-2019 жылдар аралығында жұмыс істетеген азаматтарға 600 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеп жатқандығы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілген және еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілік және босану немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың қосымша деңгейі болып табылады. Яғни, барлық осы жағдайларда жүйеге қатысушы немесе оның отбасы мемлекет төлейтін әлеуметтік жәрдемақыға қосымша МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер алады.

МӘСҚ барлық азаматтарға бейресми дереккөздердегі ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көпе-көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.

МӘСҚ қызметі туралы өзекті ақпарат www. gfss.kz ресми интернет-ресурсында ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны