17.11.2009, 16:17 2721

Металлургтардың "Жақтау" кәсіподақ ұйымы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жалақыны индексациялау орнына тұрақты белгіленген соманы төлеу туралы ұсынысын қабылдамады

Металлургтардың "Жақтау" кәсіподақ ұйымы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жалақыны индексациялау орнына тұрақты белгіленген соманы төлеу туралы ұсынысын қабылдамады

Қарағанды. 17 қараша. Kazakhstan Today - Металлургтардың "Жақтау" кәсіподақ ұйымы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жалақыны индексациялау орнына тұрақты белгіленген соманы төлеу туралы кезекті ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Металлургтардың "Жақтау" кәсіподақ ұйымының төрағасы Владимир Дубинге сілтеме жасап.

"Біз индексацияны толық көлемде төлеуді талап етеміз, соттан шағымдарымызды алмаймыз, келіссөздерді одан әрі жалғастыра береміз", - деді В. Дубин.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның қызметкер мамандарды іріктеу басқармасының бастығы Сергей Федосеевтің кеше айтқанындай, өткен жұмада келісім комиссиясында кәсіподақ ұйымына жалақыны индексациялау орнына инфляция деңгейіне қарай бір реттік төлем жасау туралы ресми ұсыныс жасалды.

"Қарашада компанияның әрбір қызметкері 27 000 теңге, 2010 жылғы наурызда - 10 500 теңге, 2010 жылғы мамырда - 8000 теңге алады. Жалпы алғанда 45 500 теңге болмақ. Бұл "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның шығынға ұшырауына байланысты; мәселен, қыркүйек айында ол $44 млн, қазанда - $15,5 млн болды. Сол себепті индексацияны төлеу үшін банктен несие алу керек, ал дағдарыс жағдайында оны алып көріңіз", - деді С. Федосеев бас директор Франк Паннирге сілтеме жасап.

"Бүгін біз мұндай қадамға бару арқылы тәуекелге бел буып отырмыз, 2010 жылы жағдай қандай болатынын кім білген, тапсырыс бола ма, өнім өте ме ол жағы белгісіз", - деді С. Федосеев.

Оның хабарлауынша, кәсіподық ұйымы егер сот ұжымдық келісім-шарттың компания жалақыны кәсіпорынның қаржылық қызметін ескеру негізінде индексациялайды деген 9.6 бөлімінің 2 абзацын ескеріп, біздің шығынды жұмыс істеп жатқанымызды және бізде индексациялауға ақшамыздың жоқтығын ескеріп жатса да, істің сотта қаралуын талап ете беретін болса, бізде тепті ештеңе төлемеуге де қақымыз бар", - деді С. Федосеев.

"Бірақ біз кәсіподақ ұйымынан сотқа дейін келісімге келуді сұраймыз. Біздің ұстанымымыз бойынша келіссөздер табысқа жетпей отыр, біз кәсіподақ ұйымымен келісімге келе алмай отырмыз, келіссөздер одан әрі жалғасуда, біздің барлық ұсыныстарымыз қарастырылуда, бірақ экономикалық соттан шағым кері қайтарып алынбай отыр", - деді ол.

Жалпы алғанда жалақыны индексациялауға болат департаментіне 1 млрд 700 млн теңге қажет, компания үш кезеңмен өтеу арқылы небәрі 50%-ын ғана төлемекші, оған 850 млн теңге жұмсалады.

Осы орайда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның бөлімінің төрайымы Людмила Даниленконың айтуынша, өндіріс орнындағы көңіл-күй сан алуан болып отыр. "Жұмысшылардың бір бөлігі бүкіл соманы бір жолда алғысы келсе, екінші бір бөлігі біртіндеп алуға келісуде. Ал үшінші бір топ индексацияны 100% төлеуді талап етуде", - деді ол.

Сондай-ақ, С. Федосеевтің айтуынша, 9 желтоқсаннан бастап кәсіпорында болат департаментінің 2584 жұмысшысы "жартылай жұмыс уақыты" режиміне ауыстырылады. Изірге бұл тек желтоқсан айына ғана созылады деп айтылуда. Жұмыс жартылай істелетін күнде орташа жалақының 50% төленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны