27.01.2015, 14:59 3721

Метрополитен жолаушылары метро маршруты бар тегін қалталық карталарды кассалардан алуына болады.

"Метрополитен" КМК жолаушыларға арнап тегін қалта карталарын шығарды. Картада метро желісініӊ маршруты, бекеттері және метроға жақын орналасқан Алматы қаласыныӊ басты көрікті жерлері көрсетілген

Алматы. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Метрополитен" КМК жолаушыларға арнап тегін қалта карталарын шығарды. Картада метро желісініӊ маршруты, бекеттері және метроға жақын орналасқан Алматы қаласыныӊ басты көрікті жерлері көрсетілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ, метрополитен бекеттерініӊ жанында орналасқан аялдамаға дейін тасымалдайтын автобустардыӊ, трамвайлардыӊ және троллейбустардыӊ маршрут нөмірлері көрсетілген. Карта пішіні өте ыӊғайлы жасалған, оны қалтада немесе сөмкеде алып жүруге болады.

Карта Алматы қаласы тұрғындарыныӊ және қонақтарыныӊ бағдарлауын жеӊілдету үшін шығарылған. Карталарды метрополитен кассаларынан тегін алуға болады.

"Метрополитен" КМК баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны