Система Orphus

MICE туризм бойынша әлем елдері мен қалаларының рейтингі жарияланды

13.05.2020, 19:39 3133

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Конгрестер мен конференциялардың халықаралық қауымдастығы (International Congress and Convention Association) жыл сайынғы статистиканы және MICE туризм бойынша әлем елдері мен қалаларының рейтингін жариялады. Аталған рейтингке сәйкес Қазақстан алдыңғы жылмен салыстырғанда өз көрсеткішін жиырма позицияға жақсарта отырып, әлем елдері қатысқан рейтингте 79-шы орынға жайғасты. Осы ретте, бұл рейтинг кемінде 50 делегатпен тұрақты өткізілетін және кемінде үш елдің арасында ауысатын халықаралық қауымдастықтардың іс-шараларын ғана есепке алатындығын ескерген жөн.

2019 жылдың нәтижесі бойынша еліміз халықаралық қауымдастықтардың 18 іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл іс шаралардан түскен кіріс 6 млн АҚШ долларын құрады. Көрсетілген мәліметтерге сәйкес әр іс-шараға орта есеппен 4111 делегат 1438 АҚШ долларынан жұмсаған.

Рейтинг көшбасшыларының бестігіне әдеттегідей АҚШ (934 іс-шара), Германия (714 іс-шара), Франция (595 іс-шара), Испания (579 іс-шара) және Ұлыбритания (567 іс-шара) кірді.

Қазақстан ТМД елдері арасында екінші орынға ие болып, Орталық Азия өңірінде көшбасшы атанды. ICCA есебіне сәйкес, РФ 35-ші орын (117 іс-шара), Қазақстан 79-ші орын (18 іс-шара), Грузия 82-ші орын (17 іс-шара), Украина 84-ші орын (15 іс-шара), Әзірбайжан 90-шы орын (12 іс-шара), Армения 98-ші орын (10 іс-шара), Беларусь 114-ші орын (5 іс-шара), Өзбекстан 126-ші орын (3 іс-шара), Қырғызстан 131-ші орын (2 іс-шара).

Бұл рейтинг қалаларды да бағалайды. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы 12 іс-шарамен 221-ші орынды, ал Алматы қаласы халықаралық қауымдастықтардың 6 іс-шарасын өткізу арқылы әлем бойынша 377-ші орынды иеленген.

MICE туризм соңғы жылдары Қазақстандағы туризмнің басым түрі болып табылады. MICE туризм нарығының әлемдік көлемі 725 млрд АҚШ долларына бағаланып, жыл сайын 7.5% өсуі күтілуде. Бұл саланы одан әрі дамыту мақсатында және covid-19 туғызған дағдарыстан кейінгі кезеңде Kazakh Tourism бұл бағытты даму стратегиясының бірі ретінде белгілеп, халықаралық қауымдастықтардың іс-шараларын өткізу үшін еліміздің тартымдылығын жақсарту бойынша бірқатар жүйелі шаралар жоспарлап отыр. Атап айтқанда, MICE елшілерін қолдау және әріптестік орнатуға бағытталған "Meet Іn Kazakhstan" жосабысын іске қосуды жоспарлауда. Бұл өз кезегінде Қазақстанда MICE іс-шараларын өткізуге ынталандырады деп күтілуде.MICE - бұл іс - шаралардың төрт базалық бағытын біріктіретін аббревиатура: Meetings - корпоративтік кездесулер мен іс - шаралар; Incentives-ынталандыру немесе мотивациялық турлар, Conferences-конференциялар, конгрестер, съездер, форумдар, семинарлар және т.б.; Exhibitions-көрмелер.

Бұл рейтинг 1995 жылдан бері өткізіліп келеді, ал конгрестер мен конференциялардың халықаралық қауымдастығы (ICCA) 1963 жылы құрылып, құрамына кәсіби қызмет көрсету және халықаралық ауқымдағы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ең ірі компаниялар кіретін жалғыз қауымдастық болып табылады. Штаб-пәтері Амстердамда, Нидерланды қаласында орналасқан. ICCA 92 түрлі елде 1154-тен астам мүшелерді қамтиды. Қоғам ағымдағы жылдың басынан бастап ICCA мүшесі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны