07.09.2026, 12:59 66185 / 12410

Миллиондаған зерттеу мен мыңдаған науқас: отандастарымыз Сібірдегі ірі ауруханалардың біріндегі қызмет барысымен бөлісті

Орталық Азия елдерінен келген журналистер Новосібірдегі ірі ауруханалардың біріне баспасөз туры аясында барды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Іс-шара аясында отандастарымыз - Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, хирург Анатолий Юданов пен хирург-эндоскопист Дмитрий Полежаев жұмыстары туралы әңгімелеп берді.

"Мен Өскеменде дүниеге келдім. Әрдайым спортпен айналыстым және Қазақстанның барлық өңірін араладым. Бұл ел менің жүрегімде ерекше орын алады", - деп мәлім етті Юданов.


Дмитрий Полежаев Семейде оқып жүрген кезінде-ақ хирург болуға шешім қабылдап, эндоскопия бағытын таңдағанын айтты.

"Менің отбасым осында тұрады, сондықтан Новосібірге көшіп келдім. Қазақстандағы медицина университетінің бірінші курсынан бастап хирург болатынымды білдім. Мен таңдаған эндоскопия қарқынды дамып келе жатқан бағыт болып саналады", - дейді білікті дәрігер.


Оның айтуынша, Қазақстан тұрғындары медициналық көмек алу үшін Новосібір облыстық ауруханасына тұрақты түрде жүгінеді.

"Біздің ауруханада көптеген отандастарымыз емделеді. Сондай-ақ, мұнда тексеруден өту үшін де көп адам келеді", - деді Полежаев.


Новосібір облыстық клиникалық ауруханасы барлық медициналық қызметтерді біріктіреді. Медициналық мекеме құрамында барлық бейіндегі терапиялық, хирургиялық және педиатриялық бөлімшелер бар. 2021 жылдан бастап аурухана құрылымына облыстық перинаталдық орталық та кіреді.

Перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация бөліміне жыл сайын қарқынды терапияны қажет ететін 300-ге жуық сәби түседі.

Кішкентай пациенттердің жанында тоқылған сегізаяқ ойыншықтары жатады. Олар кіндік бауын еске салып, сәбилерге инстинктивті түрде олардан ұстап жатуға мүмкіндік береді. 2024 жылы орталықта осындай 49 бала болған.

Жыл сайын Новосібір облыстық ауруханасында 55 мыңға жуық пациент медициналық көмек алады, ал диагностикалық орталықтарда 3,8 млн-нан астам зерттеу жүргізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны