14.05.2008, 10:53 1453

Мыңбаев көшесінің тұрғындарының бастамашылар тобы сотта олардың үйлерінің жанынан салынып жатқан ғимараттың бұзылуына қол жеткізбекші

Мыңбаев көшесінің тұрғындарының бастамашылар тобы сотта олардың үйлерінің жанынан салынып жатқан ғимараттың бұзылуына қол жеткізбекші

Алматы. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мыңбаев көшесінің тұрғындарының бастамашылар тобы сотта олардың үйлерінің жанынан салынып жатқан ғимараттың бұзылуына қол жеткізбекші, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз сотқа жүгінбекшіміз. Қала билігінің түсірген шағым арызы бойынша шығарған соттың салынып жатқан 21 қабаттық ғимаратты бұзу жөніндегі бұрынғы шешімі іске асырылғанын қалаймыз. Бұл нысан заңсыз деп есептеледі", - деп мәлімдеді агенттік тілшісіне берген сұхбатында ПИК төрайымы Гүлнара Дәулетова.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Гагарин - Сәтбаев - Радостовец - Мыңбаев көшелерінің арасында "Атамекен Құрылыс" компаниясы "Бес Тұлға" тұрғын үй кешенін рұқсат құжаттарынсыз салуда. Осыған байланысты қалалық сот заңсыз салынып жатқан ғимаратты бұзу жөнінде шешім шығарған.

Алайда, осыған дейін құрамына "Атамекен Құрылыс" компаниясы кіретін "Atameken Holding" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ұзақбай Айтжановтың мәлімдегеніндей, олар ғимаратты бұзғылары жоқ. Оның үстіне, қазір құрылыс салушы сот шешімінің күшін жойдыруға және салынып жатқан құрылысты заңдастыруға әрекет жасауда. Бұл ретте Ұ. Айтжанов мемлекеттік құрылымдарды, атап айтқанда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті мен "Алматыжер" МҚК құрылыс жүргізудің рұқсат қағаздарын мерзімінде алуға мүмкіндік бермеген сыбайлас жемқорлыққа айыптаған болатын.

Кеше "Бес тұлға" кешенінің маңындағы үйлердің тұрғындары бұздыру жөніндегі сот шемін жүзеге асыруға әрекеттенетіндерін жеткізді. Олар, сонымен қатар, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу дайындап қойғандарын хабарлады.

"Қала билігі Ұзақбай Айтжановты тоқтатудың орнына бізді белгісіз сапамен салынған зәулім ғимараттар біздің үйлеріміз бен №22 мектептің төбесінен төніп тұрғанынан қорқудың қажеті жоқ деп сендіргілері келеді", - деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, тұрғындар күн сайын оларға құрылысшылардың төндіріп отырған қауіптері жайында әңгімеледі. Атап айтқанда, салынып жатқан үйдің жоғарғы қабаттарынан құрылыс қоқысын жиі лақтырады. Ол көршілес жатқан бес қабаттық үйдің шатырына тиіп, оны зақымдаған. Тұрғындардың бірінің көлігінің алдыңғы терезесіне кірпіш лақтырып сындырған. Ал құрылыс аумағының жанында балалардың ойын алаңы орналасқан. Мектепке барар жол да құрылыстың жанынан өтеді. Тұрғындар балаларының өмірі мен денсаулығына алаңдаушылық білдіріп отыр.

"Норма бойынша, 20 қабаттан асатын ғимараттар жолдан 8-10 метр қашықтықта салынуы керек. Құрылысшылар болса, керісінше, Мыңбаев көшесінің бір бөлігін иемденіп алған. Сол себепті жаңа үйлер көшенің үстінен төніп тұр. Ал көшенің астынан газбен және сумен қамтамасыз ету құбырлары өтеді. Ол көшеде ойылып түсіп қалған жерлер кездеседі. Жаңбыр жауған кезде шуылдайтыны соншалықты сел жүріп жатқандай әсер қалдырады. Шұңқырлар үгітіліп жатыр. Біз бұл жерде тұрудан қорқатын болдық", - деп мәлімдеді тұрғындардың бастамашылар тобының мүшесі Татьяна Борисова.

Тұрғындар сондай-ақ, құрылыс салушының жоспары бойынша жаңа ғимарат тұрғындарының көлік тұрақтары балалар алаңқайының бір бөлігін иемденіп ескі үйлердің ауласында орналасатынын хабарлады. Жергілікті тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы.

Тұрғындар Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті, Алматы қалалық прокуратурасы, Иділет министрлігі, Индустрия және сауда министрлігіне қаншама рет арыз жазған. Барлық жерден "Бес тұлға" құрылысы рұқсат құжаттарынсыз салынуда және сот шешімі бойынша бойынша бұзылуы тиіс деген жауап келген. Прокуратура тіпті бұзылатын уақытты да белгілепті: биылғы жылдың 9 сәуірі. Мерзім өтіп кеткен. Ал құрылыс болса, әлі де жүріп жатыр. Сондықтан, тұрғындар ел президентінен көмек сұрауға шешім қабылдаған.

"Сізден нәтижесінде санитарлық нормалар мен ережелерді өрескел бұза отырып салынып жатқан "Бес тұлға" тұрғын үй кешенінің құрылысы болған "Атамекен Холдинг" қаржылық-өнеркәсіп тобы" АҚ басшылығының сыбайлас жемқорлыққа келетін іс-әрекеттерін тексеру бойынша комиссия құруды "Нұр Отан" ХДП тапсыруды және болашақта осы секілді заңсыз құрылыстардың салынуына жол бермес үшін Алматы қаласының осыған қатысы бар шенеуніктерінің барлығын осыған дейін иемденген лауазымдары мен шендеріне қарамастан жауапкершілікке тартуды өтінеміз. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша бұзылуы тиіс "Бес тұлға" (0, 1, 3, 4, 6 ғимараттары) заңсыз құрылысының тезірек бұзылуына ықпал етуіңізді сұраймыз", - деп жазған бастамашылар тобы Н. Назарбаевқа арнаған үндеулерінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны