24.01.2007, 16:24 2900

Мыңбаев ұлттық компаниялардың тәуелсіз директорларына арналған сыйақы кәсіби білікті мамандарды тартуға ұдайы мүмкіндік бере бермейді деп санайды

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. "Самұрық" АҚ басқармаларының төрағасы ұлттық компаниялардың тәуелсіз директорларына арналған сыйақы көлемі кәсіби білікті мамандарды тартуға ұдайы мүмкіндік бере бермейді, деп санайды. Мұндай пікірді Сауат Мыңбаев бүгін "Самұрық" АҚ-ның Астанада өткен кеңейтілген кеңесінде айтты.

"Ұлттық компаниялардың іс-қызметін қадағалау мен стратегиялық жоспарлауда директорлар кеңесі шешуші рольге ие болды, барлық ұлттық компанияларға расында да "шашасына шаң жұқтырмайтын" жетекші тәуелсіз директорлар тартылды деп айту ерте", -деп мәлімдеді С. Мыңбаев.

Оның пікіріне сүйесек, бұл ұлттық компаниялардың тәуелсіз директорларына арналған сыйақыны біліктілігі жоғары мамандарды тартуға мүмкіндік бере бермейтіндей көлемде бекітуге байланысты.

"Иә, біз көптеген шым-шытырық коэффиценттерден ада, еңбекақының қарапайым және транспарентті жүйесін қабылдадық, бірақ еңбекақы деңгейі туралы мәселе, әсіресе "Қазмұнайгаз" және "Қазақтелеком" секілді компанияларда әлі де болса бар",- деп атап көрсетті С. Мыңбаев.

"Мен мүмкін бұл мәселені дер кезінде көтермеген болармын, бірақ біздің мамандар мен Қазақстан аумағында жұмыс істеп отырған шетелдік компаниялардағы еңбекақы деңгейлерінің айырмашылығы айтарлықтай. Сондықтан да, бұл проблеманы ерте ме, кеш пе шешуге тура келеді", - деп санайды "Самұрық" АҚ басшысы.

Сонымен қатар, оның бағалауынша, "Самұрық" холдингі "әзірге ұлттық компанияларда тиімді ішкі аудит жүргізу қызметін ұйымдастыра алған жоқ, директорлар кеңесінің жанындағы қызметкерлерді тағайындау жөніндегі комитеттер іске кірісе алған жоқ, бірақ бұл жұмыстар іс жүзінде ойластырылған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны