10.05.2017, 16:06 4455

Мыӊдаған алматылықтар Даӊқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Алматыда Жеӊіс күні қала тұрғындары мен қонақтары Даӊқ мемориалына гүл шоқтарын қою және Ұлы Отан соғысында құрбан болғандарды еске алу үшін 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағына келді.

Алматы. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда Жеӊіс күні қала тұрғындары мен қонақтары Даӊқ мемориалына гүл шоқтарын қою және Ұлы Отан соғысында құрбан болғандарды еске алу үшін 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағына келді.

Мәӊгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек орасан адмдардыӊ құрбандығы арқасында Ұлы Жеӊіске қол жеткенін атап өтті.Тұрғындары 6 миллионнан асатын Қазақстан қан майданға өз азаматтарыныӊ 20%-ын аттандырды, солардыӊ әрбір екіншісі сұрапыл соғыста қаза тапты.

"Соғыстыӊ барлық майдандарында қазақстандықтар жаумен аянбай шайқасты. Бауыржан Момышұлыныӊ, Талғат Бигелдиновтыӊ, Илия Молдағұлованыӊ, Мәншүк Маметованыӊ, Сергей Луганскийдіӊ, Леонид Беданыӊ, Нүркен Ибдіровтыӊ және мыӊдаған басқа да қазақтандықтардыӊ есімі ұлы ерліктер тарихына алтын әріптермен жазылды. Біздіӊ басты борышымыз - Тәуелсіз Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, өскелеӊ ұрпақтыӊ ашық аспан астында өмір сүруін қамтамасыз ету", - деді Алматы әкімі.

Ол өзініӊ сөзінде тылда да қазақстандықтардыӊ жанқиярлық ерлік көрсеткенін, әйелдердіӊ, қарттардыӊ, балалардыӊ жеӊіс үшін аянбай еӊбек еткенін айтты. Соғыс жылдары барлық өндіріс орындары қан майданға қажет заттар шығарумен болды. Он оқтыӊ тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылды.Республикада жалпыодақтық мыстыӊ 35%-ы, қорғасынныӊ 83%-ы, молибденніӊ 60% -ы шығарылды.

Бауыржан Байбек өзініӊ сөзінде майданға аттанған 1 млн. 200 мыӊ қазақстандықтыӊ 160 мыӊнан астамы алматылық екендігін айтты. Ол жастардыӊ ерліктері ғасырларға жалғасқан ардагерлерді үнемі құрмет тұтуы тиіс екендігін сөз етті. Қазақстан мен біздіӊ туған өлкеміздіӊ қан майдандағы Жеӊіске қосқан үлесі жастардыӊ жадында болуы тиіс.

" Елбасыныӊ сындарлы саясаты арқасында біздіӊ еліміз бірлік пен тұрақтылықты, келісімді ту етіп, бейбіт аспан астында өмір сүруде. Діні мен тілі, ұлты бөлек әрбір қазақстандық ертеӊгі болашағына үлкен сеніммен қарауда, тамырларын тереӊге жайып, ұрпақ өсіруде. Мемлекет басшысы айтып өткендей, Қазақстан туралы сөз бола қалса, біздіӊ қазақстандықтарға құрмет көрсетіледі. Өйткені, біздіӊ ұранымыз- бейбітшілік. Жастар соғыс ардагерлерініӊ, батыр қазақстандықтардыӊ, солардыӊ ішінде алматылықтардыӊ мәӊгілік ерліктерін үнемі есте сақтаулары тиіс. Бұл біздіӊ тарихымыздыӊ бір бөлігі.Патриотизм рухы бәрімізді біріктіріп, ұлы Ұлтымызды мықты етеді", -деп атап өтті Б.Байбек.

Салтанатты шара барысында жиналғандар құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, артынан құрметті қарауылдыӊ шеруі өтіп, мерекелік концерт болды. Роза Рымбаева, Тағат Күзембаев, "ILCanto" квартеті, "Арт-классик тобы, Береке Еӊкебаева, Алексей Тимофеев және басқалары "Поклонимся великим тем годам", "Священная война", "Жас қазақ", "Илия", "Тальяночка", "Сағадат", "Смуглянка" сынды композицияларды орындады.

Салтанатты митингтен соӊ қала көшелерінде "Қаһарман ұлт" шеруі басталды. ҰОС-на қатысушылардыӊ суреттерінен өзге, әскериқызметшілер жинаған 164 фотосуреттіӊ ішінен ҰОС батырларыныӊ 10 фотомозаигі шеруге қатысушылар қолында болды.

Астана алаӊында сағат 20:00 ден 22:00-ге дейін "Тағзым!" атты концерт болып, онда "Сағадат", "Темная ночь", "На безымянной высоте", "Кестелі орамал", "Соғыстан қайтқан солдаттар" және басқада әскери әндер орындалады. Салтанатты шара салютпен аяқталады.

Атап өтерлік жайт, Жеӊіс күніне орай қалада түрлі акциялар өтуде. Мысалы, мектеп оқушылары "Ескерткіш вахтасы" аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылардыӊ ескерткіштері жанында құрметті қарауылда тұруда. Барлық мектептерде "Ерлік сабақтары" өтті. 28 гвардияшыл-панфиловшылар және Тұӊғыш Президент саябақтарында, Арбатта түрі шаралар ұйымдастырылды. Оған И. Қастеев атындағы қолданбалы өнер және техникалық дизайн мектебініӊ 302 оқушы- суретшісі қатысты.Жұбанов атындағы музыка мектебі мен Чайковский атындағы коледж оқушылары да өз үлестерін қосты. Ал, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрыныӊ артистері Бауыржан Момышұлыныӊ, Илия Молдағұлованыӊ, Мәншүк Маметованыӊ, Иван Панфиловтыӊ, Талғат Бигельдиновтіӊ, Рахымжан Қошқарбаевтыӊ,Мәлік Ғабдуллинніӊ,Сергей Луганскийдіӊ тірі бейнелерін сомдады. Даӊқ Мемориалы алдындағы алаӊда алғыс қабырғалары мен "Біз - батырлардыӊ ұрпағы", "#Біз - жеӊіс ұрпағымыз!" атты қондырғылар орнатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны