31.07.2015, 16:36 6753

Мыӊдаған "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлері тұратын "Саранда" шағын ауданында Көлік қызметкерлері күні қарсаӊында 240 орындық балалар бақшасы ашылды. Ол Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен салынған болатын.

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін "Саранда"тұрғын кешенінде айтулы да маӊызды оқиға болып жатыр. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлыныӊ тапсырмасы бойынша салынған заманауи балабақшаныӊ бүгінгі ашылуы, Темір жол көлігі қызметкерлерініӊ кәсіби мерекесі қарсаӊында өтіп жатқаны баршаӊызға мәлім. Бірегей құрылыс қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердіӊ халықаралық үлгідегі барлық талаптарын ескере отырып салынған,-деп атап өтті балабақшаныӊ ашылу салтанатында сөз сөйлеген "ҚТЖ" ҰК" АҚ вице-президенті Берік Камалиев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұдан кейін сөз алған сала ардагерлері Бертран Рубенштейн мен Марат Хамзин, Астана қалалық білім департаменті меӊгерушісініӊ міндетін атқарушы Бағлан Сматаева бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Ата-аналар атынан сөз сөйлеген Магистральдық желі дирекциясыныӊ менеджері Алтынай Нысанбаева құрылысты жүргізген кәсіпорын мен оған тапсырыс берген Ұлттық компания басшыларына алғысын білдірді.

Айта кету керек, балалар бақшасы соӊғы үлгідегі талаптарға сай етіп тұрғызылған. Жап -жаӊа екі қабатты ғимаратта әртүрлі 12 жас айырмашылығы бар топтарда жиырма баладан тәрбиеленеді. Олардыӊ жатын орындары мен тәрбиеленетін залдары интерактивтік тақталармен жарақтанған. Бассейн, музыка және гимнастика залдары, медициналық қызмет көрсету бөлмелері бар. Ир топқа арналған спорттық және ойын алаӊдарымен қамтылған.

Балабақша еден арқылы жылытылады. Ақылды "жарық" құралдары бар. Шкафтарда киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге болады. Тамақтану және кір жуу бөлмелері соӊғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған.

Балабақша құрылысы 2014 жылы мамырда басталған болатын. Ол нысан кілтке тапсырылды. Салалық әлеуметтік маӊызды ғана емес, бұл шара өз кезегінде Астанадағы балабақша кезегін де азайта түседі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны