Система Orphus

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекеттіӊ, жұмыс беруші мен азаматтардыӊ денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етеді

07.09.2015, 11:29 1781

Астана. 7 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттіӊ, жұмыс беруші мен азаматтардыӊ денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етумен қатар, бірінші кезекте алғашқы медико-санитарлық көмекті, жеке медицинаны дамыту, медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті күшейтудіӊ негізінде медициналық қызметтердіӊ сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Сондай-ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорын құру бейресми төлемдер деӊгейін төмендетуге ықпал етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заӊ жобасын Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарыныӊ 80-қадамын іске асыру шеӊберінде әзірледі. Заӊ жобасын дайындау барысында үздік халықаралық тәжірибе мен әлеуметтік әділеттілік қағидалары қолданылды.

Заӊ жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызметтіӊ 3 түрі ұсынылады:

Біріншісі - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектіӊ мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол Қазақстанныӊ барша азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттіӊ құрамына жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маӊызды ауруларға, сондай-ақ шұғыл жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді.

2020 жылға дейін өзін өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған тұрғындарға республикалық бюджеттіӊ есебінен амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етілетін амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екіншісі - қайтадан құрылатын медициналық сақтандыру Қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Оған абулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маӊызды ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек (әлеуметтік маӊызды ауруларды есептемегенде), қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді.

Аталмыш пакетті алу құқығы жарнасы төленген ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.

Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер - жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Сонымен қатар, аталған пакеттерге қосымша, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметтерді келісім негізінде ала алатын болады.

Үшіншісі - ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар ала алатын қосымша пакет. Аталған пакет аясындағы медициналық қызметтер келісім негізінде анықталады.

Міндетті ай сайынғы жарналар мен ҚР ДСИДМ медициналық қызметтерді төлеу Комитетініӊ базасында медициналық қызметтерді сатып алуды топтастыру үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамныӊ ұйымдастырушылық-құқықтық формасында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры құрылатын болады. Қордыӊ құрылтайы әрі жалғыз акционері ҚР Үкіметі болмақ.

Ерекше санаттағы азаматтар (халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) үшін мемлекет төлейтін жарнаныӊ мөлшерлемесі орташа айлық еӊбекақыныӊ 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменіӊ көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесініӊ жалпы көлемі кірістіӊ 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-дан, 2018 жылы 3%-дан, 2019 жылы 4%-дан, 2020 жылы 5%-дан басталатын болады. Аталған аударымдар корпоративтік кіріс салығын есептеу кезіндегі шегеру есебінен болатынын ескерсек, жұмыс берушіге түсетін салмақтыӊ көлемі төмендегідей болады: 2017 жылы 1,6%, 2018 жылы 2,4%, 2019 жылы 3,2%, 2020 жылдан 4%.

Қызметкерлер жарнасыныӊ мөлшерлемесі кірістіӊ 2%-ын құрайтын болады, аударым 2019 жылы 1%, 2020 жылдан бастап 2% болады.

Өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасыныӊ мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардыӊ кірісініӊ 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады. Пайыздық мөлшерлеме шегерілетін сома 15 еӊ төменгі деӊгейдегі еӊбекақыдан төмен болмайтынын атап өту керек.

Илеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасынан азаматтардыӊ 15 санаты босатылады (халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) :

- балалар;

- "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі "Аналық даӊқ" орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- әскери қызметкерлер;

- арнаулы мемлекеттік қызмет жұмыскерлері;

- құқық қорғау органдарыныӊ жұмыскерлері;

- еӊ төменгі деӊгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны