28.10.2018, 14:29 4914

Міндетті медициналық сақтандыру пакеті халық үшін 2020 жылдан бастап қолжетімді болады

Ирбір азамат МИМС жүйесініӊ қатысушысы бола отыра, жүйе аясында медициналық қызмет алу үшін өзініӊ әлеуметтік мәртебесін анықтауы тиіс. Мәртебесі анықталмаған тұлғалар үшін МИМС жүйесіндегі медициналық қызметтер қолжетімсіз болады.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезеӊ-кезеӊімен енгізілуде. Міндетті медициналық сақтандыру пакеті халық үшін 2020 жылдан бастап қолжетімді болады. Бұл уақытқа дейін "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі шеӊберінде медициналық қызметтердіӊ ақысын төлейтін қаржы операторы міндетін атқаруды жалғастырады.

Астаналық медициналық сақтандыру Қоры филиалыныӊ ди?ректоры Н.Қабдықапаровтыӊ айтуынша, қазіргі таӊда МИМС үшін аударымдарды жұмыс берушілер өздерініӊ жұмысшылары үшін ай сайын 1,5% мөлшерінде төлейді. Ал 2020 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және басқа да еӊбек түрлерімен айналысатын тұлғалар МИМС жүйесі аясында медициналық көмек алу үшін жарна төлей бастайды. Жарна мөлшері азаматтыӊ мәртебесіне байланысты болады.

Ирбір азамат МИМС жүйесініӊ қатысушысы бола отыра, жүйе аясында медициналық қызмет алу үшін өзініӊ әлеуметтік мәртебесін анықтауы тиіс. Мәртебесі анықталмаған тұлғалар үшін МИМС жүйесіндегі медициналық қызметтер қолжетімсіз болады.

Илеуметтік мәртебені анықтаудыӊ бірнеше жолы бар. Біріншіден, егер азамат бейресми жұмыс істейтін болса, онда ол жұмыс берушімен еӊбек шартын бекітуі тиіс. Екіншіден, егер азамат табыс әкелетін қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысатын болса, онда салық органдарында тіркелуі қажет. Егер азаматтыӊ табыс көзі болмай, жұмыссыз болса, тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Орталықта азаматты жұмысқа орналастыру және кәсіби қайта даярлау бойынша қолдау көрсетіледі. Жұмыссыз мәртебесін алған азаматтар жеӊілдігі бар санатқа жатқызылады. Олар медициналық сақтандыруды мемлекет тарапынан алуға құқылы.

МИМС шеӊберінде әлеуметтік мәртебені анықтау egov.kz электрондық порталында да қолжетімді. Ол үшін "Тексеру сервистері" бөлімінен "Илеуметтік мәртебесін тексеру" қызметін таӊдап, өзіӊіздіӊ ЖСН-ді теріп, өтініш жібересіз. Бұл ретте жауап қолма-қол қайтарылады. Қызметті электрондық цифрлық қолтаӊба арқылы порталға тіркелген жағдайда алуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны