24.04.2017, 19:48 4461

"Миры Мориса Симашко" фильмі Мәскеуде өткен 19-шы DetectiveFest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды

Деректі фильм Қазақстанныӊ халық жазушысы - Морис Давыдович Симашконыӊ өмірі мен шығармашылығына арналған.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Миры Мориса Симашко" деректі фильмі үстіміздегі жылдыӊ 17 мен 21 сәуір аралығында Мәскеуде өткен 19-шы DetectiveFest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Фильмніӊ режиссері - ҚР еӊбек сіӊірген өнер қайраткері, "Құрмет" орденініӊ кавалері Александр Головинский.

Деректі фильм Қазақстанныӊ халық жазушысы - Морис Давыдович Симашконыӊ өмірі мен шығармашылығына арналған. Фильм "Төртінші Рим" атты Симашконыӊ автобиографиялық эссесі желісі бойынша түсірілген. Морис Симашко Қазақстан Президенті бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығыныӊ лауреаты, 1986 жылы І.Есенберлинніӊ "Көшпенділер" трилогиясын орыс тіліне аударғаны үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтыӊ иегері атанған. Сондай-ақ, Нобель сыйлығына әдебиет бойынша Халықаралық ПЕН клубыныӊ үміткері. Симашко 20 кітаптыӊ авторы, оныӊ туындылары әлемніӊ 40 түрлі тіліне рекордтық таралыммен тараған, ол жазған сценарийлер бойынша он шақты фильм түсірілген. Орталық Азиядағы жаӊа тарихи роман мектебініӊ негізін салушылардыӊ бірі.

Осыған дейін аталмыш фильм Мәскеуде өткен "Вместе" XVII Халықаралық телекинофорумда Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Миры Мориса Симашко" (режиссері А.Головинский) атты толықметражды деректі фильмі "Литературная газета" басылымыныӊ атынан "Орталық Азиядағы жаӊа тарихи роман мектебініӊ негізін салушылардыӊ бірі және майдангер өмірініӊ беймәлім парақтарын ашқаны және шеберлігі үшін" арнайы жүлдемен марапатталған.

Detectivefest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалініӊ(ескі атауы "Закон и Общество") тарихы 1998 жылдан басталады. Фестивальдіӊ басты мақсаттарыныӊ бірі терроризммен күресуге және заӊға бағынуды ұстануға шақыратын телебағдарламалар мен фильмдер түсіретіндерге қолдау білдіру.

Биылғы фестиваль "Терроризм мен қылмыстық іс-әрекетке қарсы күрес - әлем қауымдастығыныӊ міндеті" деген ұранмен өтті. Фестивальге әлемніӊ 20 елінен 80 фильм қатысқан. Қатысқан мемлекеттер арасында: АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Франция, Болгария, Иран, Үндістан, Ресей, Қазақстан және басқалар бар.

DetectiveFEST фестивалініӊ ұйыдастырушылары "Детектив" продюсерлік орталығы және Ресей кинематографистер одағы мен IPA Халықаралық полицейлер ассоциациясы Ресейдегі бөлімшесініӊ Мәскеу аумағы.

"Миры Мориса Симашко"

Режиссері: Александр Головинский

Сценарий авторы: Сергей Русаков

Операторы: Сергей Косманев

Композиторлары: Фархат Ибрагимов және Иділ Байысбаев.

Редакторы: Евгения Головинская

Режиссер туралы анықтама:

Александр Федорович Головинский - режиссер-документалист, ҚР еӊбек сіӊірген өнер қайраткері, ҚР кинематографистер және ҚР журналистер одақтарыныӊ мүшесі, 1946 жылы Алматыда дүниеге келген. ҚазҰУ-дыӊ журналистика факультетінде оқыған. Искерден соӊ "Союзторгрекламда" режиссер болып істеген, 1974 жылдан бастап - Қазақстан мемлекеттік телевидениесінде, ал 1990 жылдан бастап "ИКС-Б" студиясыныӊ директоры, көркемдік жетекшісі және режиссері болып қызмет атқарды. А.Головинский 40-тан астам деректі фильмдердіӊ және 100-ге жуық жарнамалардыӊ авторы. Оныӊ фильмдері көптеген кинофестивальдерде жүлделі орындардан көрінді, атап айтсақ: "Алтын жұлдыз", "Золотой витязь", Ресейдегі "Правопорядок и общество" және "Лазурная звезда" фестивальдері. 2011 жылы ҚР Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны