03.02.2011, 12:24 3822

Мысырдан тағы 88 қазақстандық елге жеткізілді

Мысырдан тағы 88 қазақстандық елге жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Мысырдан тағы 88 қазақстандық елге жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 88 қазақстандық ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен Каирден Қазақстанға оралды.

"2 ақпан күні 17 сағ.53 минутта ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ТУ-154М ұшағы "Алматы - Каир - Алматы" арнайы рейсімен Мысыр астанасынан ұшып шықты. Ұшақ бортында Қазақстанның 88 азаматы болды, оның ішінде - 10 бала, сонымен қатар құтқарушылар мен ТЖМ Апаттың медицина орталығының мамандары бар", - делінген хабарламада.

Бұдан дұрын хабарлағанымыздай, кеше сағат 00.45 ҚР ТЖМ Мысырдан 131 қазақстандықты елге жеткізген болатын.

Қазақстандық азаматтарды әкелу үшін Мысырға арнайы рейспен жөнелтілген Төтенше жағдайлар министрлігінің Ту-154М әуе лайнері бүгін 19 сағат 20 минутта Каирден Алматыға қарай ұшып шыққан болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Мысыр президенті Хосни Мубарактың отставкаға кетуін талап етіп өтіп жатқан бұраралық наразылық шарасы Каирде бір аптадан бері өтуде.

Көптеген елдер өз азаматтарын шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіруде. Қазақстанның СІМ мәліметтеріне сәйкес 150 аса қазақстандық Мысырдан елге қайту ниетін білдірген болатын.

"ТЖМ ұшағы жергілікті уақытпен таңғы сағат 05.13 Астанадан ұшып кеткен болатын", - деп хабарлады ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны