21.04.2015, 15:06 3963

Мысырдыӊ бұрынғы президенті Мурси 20 жылға сотталды

Бұрынғы мемлекет басшысы мен "Мұсылман бауырлар" қозғалысыныӊ лидерлеріне 2012 жылдыӊ желтоқсанында президент резиденциясы маӊындағы шеру ұйымдастырушылардыӊ алтауын өлтірді деген айып тағылған

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Мысыр соты елдіӊ экс-президенті Мухаммед Мурсиді және "Мұсылман бауырлар" қозғалысыныӊ 12 лидерін 20 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар Мурсиде, оныӊ жақтастарында да шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығы жоқ екені аталып өтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұрынғы мемлекет басшысы мен "Мұсылман бауырлар" қозғалысыныӊ лидерлеріне 2012 жылдыӊ желтоқсанында президент резиденциясы маӊындағы шеру ұйымдастырушылардыӊ алтауын өлтірді деген айып тағылған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сот шешіміне шағымдануға болады.

Осыған дейін Мысырдыӊ экс-президенті мен жақтастарын өлім жазасына кесуі мүмкін деп хабарланған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны