04.03.2011, 16:35 4055

"Miss Asia Pacific" байқауына Қарағандылық ару жолдама алды

"Miss Asia Pacific" байқауына Қазақстаннан Қарағандылық ару жолдама алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 4 - наурыз. Kazakhstan Today - "Miss Asia Pacific" байқауына Қазақстаннан Қарағандылық ару жолдама алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Қазақстаның алғашқы өкілі Жанар Нұрбаева "Miss Asia Pacific" байқауына қатысады.

"Осы жылдың маусымында Сеулде Жүзу аралындағы Ханьшуй өзенінде "Miss Asia Pacific" байқауы өтеді. Оған Қазақстан алғаш қатысқалы отыр. Байқауға біздің елден Жанар Нұрбаева барады", - деп жазады газет.

Басылымның дерегі бойынша, Жанар Нұрбаева экономика факультетінде білім алады, қосымша "San Bell" сән агенттігімен жұмыс істейді. Өткен жылы қарағандылық екі рет "вице - мисс" атанды. Алдымен ол "Қарағандының бірінші вице-мисі" атанса, бір айдан кейін "Қазақстанның бірінші вице-мисі" атағын жеңіп алған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны