20.04.2015, 21:15 4231

Мисс Қазақстан-2014 Регина Вандышева (АЛМАТЫ) МИСС ИЛЕМ-2015 байқауына арналған фотосессияға қатысты

МИСС ИЛЕМНІӉ ресми сайтына шығатын еліміздіӊ бірінші аруыныӊ фотосуреттерін жасау Қазақстанныӊ танымал фотосуретшілерініӊ бірі Данил Олейниктіӊ еншісіне тиді, ал оныӊ бейнесін Айнұр Рыспекованыӊ авторлық студиясы жасады.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - МИСС ИЛЕМНІӉ ресми сайтына шығатын еліміздіӊ бірінші аруыныӊ фотосуреттерін жасау Қазақстанныӊ танымал фотосуретшілерініӊ бірі Данил Олейниктіӊ еншісіне тиді, ал оныӊ бейнесін Айнұр Рыспекованыӊ авторлық студиясы жасады. Шамамен үш сағатқа созылған фотосессия кезінде Мисс Қазақстан Регина Вандышева Sherri Hill Үйі ұсынған сыйлық - сәнді де салтанатты көйлекпен шықты. Атақты дизайнер Шерри Хилл атымен аталған бұл сән үйі бірнеше жылдар бойы Голливудтыӊ көптеген жұлдыздарыныӊ киімдерін дайындап келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазір де бойжеткен орасан зор МИСС ИЛЕМ 2015 сұлулық байқауына белсенді түрде дайындалып жүр. 22 жастағы Регина Вандышева -Алматыныӊ студенті, оныӊ әрбір күні минутына дейін есептелініп қойған, спорт залындағы жаттығулар, ағылшын тілі курстары, визаж және стиль семинарлары, сұхбат беру және алдыӊғы қатарлы ұлттық телеарналардағы ток-шоуларға қатысу, еліміздіӊ көптеген әлеуметтік және мәдени оқиғаларына қатысу.

Регина сәттілік тілейміз!

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны