04.10.2006, 16:36 3111

"Миттал Стил Теміртау" компаниясының басшылығы бүгін кеншілермен келісуден үмітті

ҚАРАҒАНДЫ. 4-қазан. Kazakhstan Today. "Миттал Стил Теміртау" компаниясының басшылығы жалақы көлемін арттыру мәселесі бойынша кеншілермен бүгін келісімге келуден үмітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кеншілерге келсек, 7-қарашада қандайбір митингіге шығудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Шешім бүгін кеше қабылданып, кеншілермен келісімге келеміз деп ойлаймын",-деді журналистерге "Миттал Стил Теміртау" компаниясының жаңа бас директоры Нарендра Чаудхари облыстық әкімшілікте өткен баспасөз мәслихатында. "Шешім кеншілердің талабына сай келеді деп ойлаймын", деді компания басшысы.

"Қазір шахталардағы жұмыс ырғағы біршама бұзылды. Соның салдарынан біз болат өндіру көлемін қысқартуға шешім қабылдауға мәжбүр болдық",- деді ол.

Нарендра Чаудхаридің айтуынша, жуырда ғана металлургтармен келісімге келу мүмкіндігі туғанын еске салды. "Кеше біз құрыш болат департаменті бойынша кәсіподақ ұйымымен келісімге келдік. Нәтижесінде компания басқармалары мен кәсіподақ ұйымы арасында хаттамаға қол қойылды",- деді ол. "Біздің келіссөздер жақсы өтті. Қазір құрыш болат департаментінде қалыпты ахуал қалыптасты. Біз металлургтармен келісімге келдік. Соған сәйкес 1-қазаннан бастап жалақыны 20 процентке, ал 2007-жылдың ақпан айынан бастап тағы 10 процентке көтеруге келістік",- деді бас директор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны