20.10.2006, 13:48 3097

"Миттал Стил Теміртау" компаниясының металлургтері жалақыны біртіндеп көтеру шарттарымен келісті

ҚАРАҒАНДЫ. 20-қазан. Kazakhstan Today. "Миттал Стил Теміртау" компаниясының металлургтері жалақыны біртіндеп көтеру шарттарымен келісті. Бірақ олар бұл мәселені қайтадан көтеруге қақылары бар екенін ескертеді деп хабарлайды АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Александр Дубин Kazakhstan Today тілшісіне.

Металлургтар кеше еңбек ұжымдарының кәсіподақ ұйымдары конференциясында осындай шешім қабылдады. Бас қосуға барлығы 406 делегат қатысып, олардың 256-сы қолдап дауыс берсе, 120 адам қарсы шығып, 30-ы қалыс қалды.

"Біз өз жұмысымызды тоқттапаймыз. Алайда, еңбек дауы әлі аяқталған жоқ, бір кәсіпорында еңбекақыны салалық стандартқа сәйкес төлеу үрдісін енгізуді межелеп отырмыз. Бұл - біздің ең өзекті міндетіміз. Сонымен бірге бізге ешбір шарт қойылған жоқ, міндеттеме де алған ешкім жоқ. Сол себепті біз жалақыны көтеру мәселесін кез-келген уақытта қайтадан көтере аламыз",- деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 30-қыркүйекте Теміртау металлургиялық комбинатының жұмысшылары жалақысын 40 процентке көтеру туралы талаппен митьингіге шықты. Компания басшылығы жалақыны кезең-кезеңмен көтеру туралы хаттамаға қол қойып, металлургтердің жалақысы 2006 жылғы қазанның 1-нен бастап 20 процентке, 2007 жылдың 1-ақпанынан бастап тағы 10 процентке көтерілетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны