08.10.2015, 11:56 4292

"Мобильді құлдықтан" құтылуға екі жарым ай қалды

Енді тұрғындар ұялы телефоныныӊ нөмірін өзгертпей-ақ, басқа абонентке 2016 жылдыӊ 1-ші қаӊтарынан бастап ауысатын болды. Тиісті құжатты бүгін Мәжіліс бекітіп, Сенатқа жолдады

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Енді тұрғындар ұялы телефоныныӊ нөмірін өзгертпей-ақ, басқа абонентке 2016 жылдыӊ 1-ші қаӊтарынан бастап ауысатын болды. Тиісті құжатты бүгін Мәжіліс бекітіп, Сенатқа жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазір Инвестициялар және даму министрлігі бұл істі сынақтан өткізіп жатыр. Тіпті абонент нөмірлерініӊ орталықтандырылған деректер базасын құрса, ал байланыс операторлары желілерін жаӊартқан. Шенеуніктердіӊ сендіруінше, бұдан адамдар ұтылмайды. Яғни бәсекелестік күшейіп, тілдесу құны арзандамақ. Еӊ бастысы жұрт Sim картасын ауыстырмай-ақ, кез-келген Қазақстан аумағына таралатын операторға тегін қосыла алады. Ол үшін өтініш жазса жетіп жатыр. Мұндай реформа елімізде алғаш рет жүргізілуде, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны